13.08.2023, 13:42
Оқылды: 95

Рейдте такси көлігі тексерілді

Аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы, полиция бөлімі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Жымпиты ауылдық округі әкімдігі аудан орталығынан Орал қаласына шыға берісте рейд жүргізді.  Олар Орал қаласына жолаушы тасымалдайтын такси көлігінің құжаты, салығы, техникалық қауіпсіздік жағдайын тексерді.

106211e7-23e6-4357-9a57-fec5660f5ff2

Орал қаласына жолақы 1500 теңгеден 2000 теңгеге көтерілгені халықтың наразылығын тудыруда. 2000 теңгелік такси  құнына сай қызмет көрсетуі тиіс. Мемлекеттік кірістер басқармасына заңды түрде тіркеліп, билет құнын кассалық аппаратпен соғып,  түбіртекті әрбір жолаушының қолына ұстатуы тиіс. Түскен  табысынан мемлекетке салық төлеуге міндетті.  Мемлекеттік кірістер басқармасы жол бойында такси көлігін осы бағытта тексерді.

8e989c80-4c7b-496f-b63a-604be4dfb9c9

Аудандық полиция бөлімі көліктің  ұзақ жолға жарамдылығын, дөңгелегінің сапасын,  өрт сөндіргіш құралы мен дәрі-дәрмек қобдишасын, қауіпсіздік белдігін қарады.  Жолаушылардың өмір қауіпсіздігіне қатысты нәрсенің бәріне жіті көңіл бөлді.

12d46e0d-51e4-4986-8e34-78ec053e0265

Рейд нәтижесінде Жымпиты-Орал бағытына жүретін 5 автокөлікке әкімшілік-құқық бұзушылық хаттама толтырылды. Оның ішінде 3-еуі  - «Сырым» таксиі. 6 жолаушы тиеген автокөлік  талапқа сай болмағандықтан, Орал қаласына жіберілмей, кері қайтарылды.

96c0ad41-4879-47c6-aa7a-b62ddb5479f4

ce453444-db95-4a54-9db2-ca17e124d8b3

a466570e-0908-4716-866b-1c3ce8ae9105

1241bb2d-bc56-42bc-91e6-58e21964a076

89630691-e031-4892-ae8f-21e511526d49

be5cac43-5d99-4ac5-bf61-af9e5a65c3c9

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале