8.04.2022, 10:15
Оқылды: 72

Ресей елінен жүлделі оралды

Жуырда Ресей Федерациясы Самара облысында грек-рим күресінен ашық облыстық турнир өтті. Ресей елінің біраз аумағы мен қазақ елінің шекаралас жатқан облыстарының 2010-2011 және 2012-2013 жылдары туған жасөспірім боз кілем шеберлерінің бәсекесінде Бәйтерек ауданының командасы да бақ сынады.

4

Нәтиже жаман емес. Равхат Құрманқұловтың қол астында жаттығатын жеткіншектер сегіз жүлде еншіледі.

Самар боз кілемінің шаңын қаққан 2010-2011 жылғы балалар арасында Алдияр Жылқыайдаров 28 келіде, Дастан Нәсиполла 32 келіде және Ислам Нұрлан 38 келіде үшінші орынға ие болды.

Ал 2012-2013 жылығы палуандар бәсекесінің көркін қыздырған  Әлназар Жылқыайдаров 32 келі тартатын палуандар бәсекесінде үшінші, Рустам Нұрлан 25 келіде екінші орын иеленсе, 25 келілік Аян Хайруллин, 29 келілік Исмаил Жұмағалиев және 52 келіде белдескен Дияс Горчаков алтын медаль иегерлері атанды.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале