20.10.2023, 18:00
Оқылды: 36

Республика бойынша 45 ауданның әкімі сайланады

Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов Тасқала ауданына келді.

бола 1

Ол алдымен №330 сайлау учаскесінде болып, 5 қараша өтетін аудан әкімі сайлауына дайындық барысымен танысты.

бола 2
Содан кейін аудандық мәдениет үйінде өткен жиынға қатысты.

БҚО аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақовтың төрағалығымен өткен жиынға аудан әкімінің міндетін атқарушы Аян Халауедин, аудан прокуроры Дәурен Тажғалиев, аудандық полиция бөлімінің бастығы Азамат Қалиев, аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Батима Кентуғаева, округ әкімдері, учаскелік сайлау комиссиясы төрағасы мен мүшелері қатысты.

бола 4

Алдымен сөз алған Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Әнесұлы бүгінгі жиынның мақсатына тоқталды.

«Негізгі келіп отырған мақсатымыз өздеріңізге мәлім 5 қараша күні елімізде үлкен саяси науқан өтеді. Бұл тарихи оқиға. Алғашқы рет халық тікелей аудан әкімдерін сайлайды. Республика бойынша 45 аудан әкімі сайланады. Үш облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өтеді. Біздің негізгі мақсатымыз жергілікті жерлерде дайындық барысын білу, сондай-ақ сайлау комиссия мүшелерінің оқу процесін қандай деңгейде екенін анықтау. Бұл жұмыс баршаңызға мәлім. Дегенмен сайлау жүйесінде күрделі өзгерістер болды. Біздің мақсатымыз осыны сіздерге жеткізіп, сайлау науқанының жоғары деңгейде, әділ, таза өтуін қамтамасыз ету», - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі.
Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов учаскелік комиссия мүшелеріне арналған аудандық сайлау комиссиясының оқыту семинарына қатысты.

Болатбек Сапарғалиев,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале