17.10.2022, 12:15
Оқылды: 68

Республика күніне арналған турнир

Бөкей ордасы ауданы орталығындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде 25 қазан - Қазақстан Республикасы күніне орай ерлер командалары арасында «Достық- Дружба» атты волейболдан турнир өтті.

WhatsApp Image 2022-10-16 at 11.44.24
Аталмыш сайысқа Шыңғырлау, Жаңақала аудандарының және аудан орталығының ұстаздар командасы, спорт мектебі, колледж құрама командалары және Ұялы ауылдық округінің «Азия» атты командасы қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Аққалиев сөз алып, барша қатысушыларға сайыста сәттілік тіледі.

WhatsApp Image 2022-10-16 at 11.44.26
«Луч добра» этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дмитрий Семилиди де мемлекеттік мейраммен құттықтап, спортшыларды әдемі және әділ сайыс көрсетуге шақырды.
Жалпы алты команда екі топқа бөлініп, өзара сайысқа түсті.

WhatsApp Image 2022-10-16 at 11.44.22
Бір күнге созылған спорттық шара қорытындысы бойынша І орынға Шыңғырлау ауданының командасы ие болса, ІІ орынға Жаңақала ауданы Айдархан ауылынан келген спортшылар табан тіреді. Ал ІІІ орынға ауданымыздың ұстаздар командасы ие болды.

Еркебұлан Рахметолла,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале