16.11.2021, 12:42
Оқылды: 77

Республикалық байқаудың  жеңімпазы атанды

Жуырда өскелең ұрпақ  пен студент жастар бойында еліне, жеріне деген патриоттық сезімін қалыптастыру,  ана тіліне деген құрметті күшейту, педагогтердің инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін арттыру, оқушылар мен студенттердің зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Bilim-órkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жоғары оқу орындар, колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдері дарынды шәкірттерінің  қатысуымен  «Ана тілдің айбыны» атты республикалық эссе байқауы өтті.

фб

Бес түрлі талап,  яғни эссенің мазмұны, ой тереңдігі, әдеби материалды пайдалану деңгейі,  жазылу стилі, емле, тыныс белгілері, пунктуация тұрғысынан бағаланған байқауға Жәнібек ауданы Т.Жароков атындағы  жалпы білім беретін  орта мектептің  7-сынып оқушысы Заңғар Фазыл қатысып, «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» атты тақырыпта эссе ұсынды. Байқау қорытындысында үздік атанып, «Bilim-órkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының директоры А.Сатылғановтың қолы  қойылған І дәрежелі дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, еліміздің  білім және ғылым саласына  қосқан үлесі,  білімді шәкіртті тәрбиелеген еңбегі үшін аудандық музей бөлімінің меңгерушісі Меңдігүл Фазылова алғыс хатқа ие болды. Сонымен қатар олар «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ана тілдің айбыны» атты республикалық эссе байқауының материалдар жинағы» атты кітап пен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» төсбелгісіне ие болды.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале