15.12.2021, 11:40
Оқылды: 66

Республикалық пән олимпиадасында жүлдегер атанды

Жетікөл ауылындағы Сырым мектеп-балабақша-бөбекжай кешенінің 5-сынып оқушысы Гүлмаржан Есболсын білім додасы - дәстүрлі республикалық пән олимпиадасында қарсыластарынан оқ бойы озық шығып, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен І орын иегері атанды.

0270C5DB-C8DB-4129-896C-5F2E6C939578

"Шәкірт жетістігі - ұстаз мерейі" демекші, аталмыш мектепте 40 жылдан астам шәкірт баулып келе жатқан Жанар Құрмағазиеваның айтуынша, Гүлмаржан бала кезінен зерек, білімге құштар болып өскен.

- "Қадыр оқуларына" деген қызығушылығы даярлық сыныптан басталып, аудан көлеміндегі байқаулардан жүлделі орындар алуына да осы қыры себепкер. Нағыз қазақ қызына тән сабырлылық, жан-жақтылығымен қатар шығармашылыққа бейімділігі, тілге жанашырлығы жоғары оқушы. Алда талай байқауларда жаңа қыры ашылуына ұстазы ретінде бар білігім мен білімімді саламын,- дейді ұстазы.

Ұстаздар династиясынан шыққан Гүлмаржанның осал болмауы заңдылық! Ауыл мен ауданның, облыстың атын шығарар осындай білімпаз оқушылар көп болғай.

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале