7.09.2022, 12:15
Оқылды: 97

Ретро ән кеші өтті

Жуырда Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығы және Достық ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен ретро ән кеші өткізілді.

ретро фото2

Ауданда жақсы әнге жаны құмар ауыл тұрғындарына арналған "Сағындырған әндер-ай" ретро ән кеші әсем әуенге бөледі.Сонау жылдары құлаққа сіңіп, сол кездегі жастардың сүйікті әні мен биіне арқау болған әуендерді тыңдауға ауыл тұрғындары көптеп жиналды. Аудан өнерпаздарының шырқаған ретро әндеріне көрермендер де еріксіз қосылып, ортаны би алаңына айналдырды. Сахнада жергілікті өнерпаздар эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен 70-80 жылдардың танымал әндері мен әуендерін орындап, көрермендерін қуанта білді.

ретро фото

-Мен ескі әндердің шырқалып жатқанын арғы көшеде жүріп естідім. Жаныма жақын тартқан соң, саябақ ішімен жүре кетуді жөн көрдім. Сағат жарым уақытым қалай өтіп кеткенін байқамай қалыппын. Өте жақсы кеш болды. Осындай шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса, - дейді ауыл тұрғыны Рая Тауасарқызы.

Аталмыш концерттің ерекшелігі аудан өнерпаздары ретро-әндерді тамылжыта орындады. Ал оларға тәнті болған көрермендер әсем әндерді қосыла шырқап, кеш ажарын аша түсті.

 Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале