5.10.2020, 11:17
Оқылды: 101

Ризабек Батталұлы: "Қаракөз қазақтар біреудің қолшоқпарына айналмауы керек! "

Бүгін Сырым ауданына белгілі исламтанушы ғалым,"Нұр - Мүбәрәк" Египет - Ислам университетінің ұстазы Ризабек Батталұлы келді. Республикалық ақпараттық - насихаттық топтың мүшесі түске дейін аудандағы топ мүшелерімен кездесіп, діни адасуға тап болғандарды оңалту жөнінде дәріс оқыды.

Rizabek (1)

–  Дін өкілі діни  не саяси бағытта болады. Біздің қателігіміз - кімнің қай бағыттағы түсіндіру жұмысын зәру екендігін білмейміз, былай айтқанда "диагноз" қоя алмаймыз. Жалпылама емес, дербес, нақты жұмыстар жасалуы керек. Адаспау үшін дін ұстанушыға, адастырмау үшін дін мамандарына білім керек. Біздің білім сақал, балақ, хиджабты сөз етуге ғана жетіп тұр. Өсу керек. Қаракөз қазақтар біреудің қолшоқпарына айналмауы керек, – деді Әл - Әзһар университетінің түлегі.

Rizabek (2)

Кездесуде аудандық ақпараттық - насихаттық топ мүшелері ғалымға сауал қойды.

Ризабек Батталұлы түстен кейін жергілікті жамағатпен жүздеседі.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале