4.12.2023, 18:00
Оқылды: 8

«Рухани қазына – 2023» фестивалі: «Үздік аудандық маңызы бар кітапхана» аталымын жеңіп алды

Астанада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің ұйымдастыруымен мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің арасындағы жыл сайынғы дәстүрлі «Рухани қазына – 2023» фестивалінің қорытынды кезеңінің жабылу салтанаты өтті.

РУХАНИ ҚАЗЫНА (1)

Фестивальдің жабылу салтанатында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Жүдебаев сөз сөйлеп, жеңімпаздарды құттықтады.

Жыл сайын мәдениет және өнер саласы қызметкерлері арасында өтетін жылдың ең маңызды шарасын сала қызметкерлері асыға күтетіні рас.

Биыл фестивальге қатысқан Ақсайдағы №3 қалалық кітапхана «Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхана» деп танылды. Осылайша кітапхана саласы бойынша қазылар алқасының шешімімен ұсынылған өтінімдер арасында 1 000000 теңгелік арнайы жүлделге ие болды.

РУХАНИ ҚАЗЫНА (4)

Фестиваль мәдениет және өнер саласы ұйымдарының шығармашылық жетістіктерін анықтау, талантты, өзіндік ерекшелігі бар шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларды қолдау, қатысушылардың кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында өткен еді.

- 9 қарашада Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына – 2023» байқауының облыстық онлайн іріктеу кезеңі өткен еді. Облыс кітапханалары бойынша «Рухани қазына – 2023» байқауының ережесіне сәйкес бес аталым  бойынша Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Шыңғырлау, Тасқала аудандарынан жалпы 12 жұмыс түскен екен.

Нәтижесінде №3 қалалық кітапхана «Үздік қалалалық маңызы бар кітапхана» аталымы бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізіп, республикалық шараға жолдама алды. Біздің жұмысымызды республика дәрежесінде бағалап жатқанына өте қуаныштымыз. Бұл барша аудан кітапханашыларының еңбегі деп айта аламын, - дейді аталған кітапхана меңгерушісі Айша Есенжанова.

Айта кетейік, осыдан төрт жыл бұрын «Рухани қазына» фестивалінің аясында ұйымдастырылған республикалық «Рухани қазына - 2019» байқауында аудандық демалу орталығы «Үздік аудандық (қалалық) мәдениет үйі, мәдениет сарайы» аталымына лайық деп танылған еді.

 

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале