2.03.2020, 16:34
Оқылды: 69

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша өткен брифинг  

  «Nur Otan» партиясы Бәйтерек аудандық филиалының ғимаратында ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ.Көшербаевтың тапсырмасына орай «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» саясатын жүзеге асыру аясында брифинг өтті.

Ruxani (2)

 ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми хаты негізінде өткен брифингте: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ұйымдастырылуы, оған  қосқан азаматтардың үлесі және қоғамдағы бағалануы талқыланды.

Ruxani (1)

Жиынға қоғамдық ұйым өкілдері, «Nur Otan»  партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілекбай Төлепқалиев, аналар кеңесінің мүшелері, қоғамдық келісім кеңесі, аудандық білім беру бөлімі  мен орталықтандырылған кітапхана жүйесі мамандары қатысты. Брифингті  Бәйтерек аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Тоғызбайұлы ашып, «Рухани жаңғыру» офисінің кеңесшісі Ұлданай Максимқызы аталмыш бағдарлама бойынша  ауданда атқарылған жұмыстар туралы  баяндады.

Соңында ағымдағы жылға белгіленген  іс-шаралар жоспары талқыланып,  қатысушылар  өз ойларын ортаға салды.

Аружан БОЛАТБЕКҚЫЗЫ

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале