5.11.2021, 17:57
Оқылды: 57

Садақаны саулығыңда бер

Қазақта «Садақаны саулығыңда бер» деген жақсы сөз бар. Осы орайда, Шыңғырлау ауданы Қарағаш ауылдық округінің тумасы Мұханбетжан Махметұлы өз иелігіндегі жылқы малын сойып, аудан орталығындағы мұқтаж жандарға тегін таратып берді. Ең алдымен Мұханбетжан Махметұлы аудан мешітінде берген садақасының қабыл болуына құран бағыштатып, кейін аудан әкімі Әлия Биғазықызымен кездесіп, игіліктің басы қасында жүрген аудан басшысы мен әріптестеріне алғысын білдірді.

31A76E78-341C-46B9-8A32-EA477AB550A2

Өз сөзінде Мұханбетжан садақаны үйден бермей, қолымыздан келгенше азық-түліктерді таратып беруге, көмек көрсетуге шақыратынын жеткізді. Расымен де, тек айналамыздағы таныс адамдарға дастархан жайғаннан бөлек, арасында мұқтаж жандарға мынадай қымбатшылық заманда азықтарды тегін таратса нұр үстіне нұр болмай ма?!

2881B2FF-F319-4996-8194-F92D525C8940

«Жақсылық - қайырымды істен басталады» демекші Мұханбетжанның бұл бастамасы өзге ауыл тұрғындары тарапынан да қолдау табады деп ойлаймыз.

Анар Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале