18.05.2022, 12:30
Оқылды: 86

Сағыныш кернеген кездесу

16 мамыр күні аудандық мәдениет үйінде Казталовтың топырағында дүниеге келген театр падишасы, өнер майталманы Хадиша Бөкееваға арналған шара өтті. Шараның басты себепшісі – Х.Бөкееваның сіңлісі Валима Бөкееваның туған жерге арнайы сапармен келуі еді. 73 жылдан кейін туған жері - Казталовқа арнайы келген Валима Бөкееваның кеудедегі сағынышы маздап тұрды…

Сагыныш кернеген кездесу (1)

Иә, алыс жерден сағынып келген апамыздың Казталов еліне, Казталов жұртына деген ықыласы мен алғысы да бір бөлек. Небәрі 3 жасында Казталовтан қоныс аударған Валима Ешмұқанқызы осынау ұзақ жылдар бойы жүрекке тұнған сағынышын былайша жеткізді.

-Айналайындарым, алтындарым! Сіздермен қауышқаныма қатты қуаныштымын! Сіздерге басымды иемін, -деп алғашқы сөзін алғыспен бастады. - Сіздер бақыттысыздар, себебі, Казталовтай қасиетті мекеннің перзентісіздер. Шет елде жүрсем де, жүрегім туған жерді аңсайтын... Міне, сол арманым орындалып, апамның жүріп өткен жолдарын көріп, естеліктерін естіген мен өзімді ең бақытты жанға балаймын. Жол сапарымда сағыныш өзектеп келіп, енді, міне, мауқың басылғанда тұла бойыңды қуаныш кернеп, ерекше күйге бөленеді екенсің. Казталов өңірі қазақ даласында маңдайы жарқырап, өзгелерден ерек біртуар тұлғалармен дара. Бұны осы ауылға келген сапарымнан-ақ ұғындым. Туған жердің топырағында аунап, шаңын жұтқан сіздерге айтарым, ешқашан да туған елден жырақтамаңыздар. Керісінше осы өлкеге қызмет етіңіздер,- деп ыстық лебізі мен ризашылығын білдірді.

19

Шарада қонақтар Хадиша Бөкееваға арналған көрмемен танысып, «Өзгелерді дарынымен тамсандырған» атты деректі фильмді тамашалады. Кеште сөз алған аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова Валима Бөкееваның иығына камзол жауып, ақ жаулық тарту етіп, қонақтарға естелік сыйлық табыс етті.

18

Әсем Болат,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале