13.12.2022, 20:01
Оқылды: 67

Сайлау белсенділері марапатталды

Теректіліктер күні кеше өткен Қазақстан Республикасы Президенті сайлауына байланысты жұмыстарды белсенді атқарды. 

IMG-20221213-WA0033

Президенттікке үміткердің сенімді өкілі, қоғамдық штаб мүшесі ретінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген белсенділер «Қолдан қолға», «Есіктен есікке» сынды акциялар шеңберінде  тұрғындармен кездесулер өткізді.

Ел ішіндегі елеулі оқиғаға атсалысқан жандардың күшімен сайлау барлық талаптарға сай өтті.

Бүгін сайлауалды шараларға жұмылған теректіліктерге «AMANAT» партиясының Теректі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мирхат Ибраев ризашылығын білдірді. Сайлау дайындығына үлес қосқан  М.Төлегенов, Қ.Ахмадиев, Б.Қазиқанов, Ә.Нұрғалиев және Р.Бектеміров, Н.Сунцов, А.Сағидоллин, Р. Болатова, Г.Ерешова, А. Харисова, Б.Қанаева Қазақстан Республикасының Президенті атынан алғысхатпен марапатталды.

Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі  Ерлан Қошанов жолдаған алғыстаттар  Ә.Орынбасаров, М.Қазиев, М.Тлеков, Е.Жұбаниязов, Р.Серікова, А.Мусина, А.Тлесова, М.Жармағамбетов, А.Чувилева, Е.Әлібековке табысталды.

Шара соңында сөз алған ауданның Құрметті азаматы Мұсағали Орынғалиұлы үлкен жауапкершілікті істі абыройлы атқарған жерлестеріне өз  алғысын білдіріп, ел-жұрттың амандығын тіледі.

Балнұр Қанаева,
Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале