5.02.2025, 22:00
Оқылды: 87

Сайлау мәдениетін қайтсек арттырамыз?!

Дүниежүзілік сайлау күніне орай Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы партия, қоғамдық бірлестіктер және БАҚ өкілдерімен кездесті.

PHOTO-2025-02-05-15-31-03

Басқосуда сайлау мәдениетін арттыру, электораттың сайлауға қатысу белсенділігін күшейту бағытында пікірлер талқыланды.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мейірбек Хасанов өткен жылы болған сайлаулар мен алдағы жоспарларға тоқталды.
Қазір халық әр түрлі деңгейдегі депутаттардан бастап, ауыл әкімін сайлай алу құқығына ие. Бұл - елдің билік ісіне араласуының оң көрінісі.

Мейірбек мырза жарғылық қызметінде сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын аудандағы қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеуден өтіп, бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.

Қоңдыкер Елеуов
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале