19.03.2023, 10:45
Оқылды: 41

«Сайлау учаскелерінде кезек пайда бола бастады»

Бәйтерек ауданы әкімі Марат Тоқжанов Переметный ауылындағы №157 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.

WhatsApp Image 2023-03-19 at 10.38.42 (1)

Аталмыш сайлау учаскесінің төрағасы Юрий Саяпиннің айтуынша, мұнда тіркелген сайлаушылар саны – 1219, сағат 9-дағы жағдай бойынша олардың 28 пайызы өз таңдауларын жасады. Дауыс беруге жастар да, орта жастағылар да, аға буын өкілдері де келуде. Тіпті отбасымен келіп жатқандар да бар. Жанұясымен келгендерге, туған күн иелеріне бәріне сыйлықтар ұсынылуда. Сайлаудың барысын бақылап отырғандардың қатарында ЕҚЫҰ өкілдері де бар.

WhatsApp Image 2023-03-19 at 10.38.42

- Жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 6-00-ден бастап 55 сайлау учаскесі ашылып, сағат 7-00-де сайлау процесі басталды. Аудан бойынша 39195 сайлаушы бар, сағат 9-00-дегі жағдай бойынша соның 5052-сі келді, бұл 13 пайыз шамасында. Жалпы халықтың келуі жақсы, аудан орталығындағы сайлау учаскелерінде кезек пайда бола бастады,  -дейді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Радик Мақсотұлы.

WhatsApp Image 2023-03-19 at 10.38.41

Серік Маратұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

       

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале