25.01.2023, 17:42
Оқылды: 85

Сайлаудың мәні мен маңызы түсіндірілді

Переметный ауылында «Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттар депутаттарының сайлауын өткізуде округтік сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

IMG-20230125-WA0053

Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен өткен жиынға ауданда құрылған 13 сайлау округтерінің мүшелері қатысты. Семинарда аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Р.Ихласов, төраға орынбасары Б.Нығметов, комиссия мүшесі Т.Дощанов қатысушыларға алдағы сайлаудың маңыздылығы мен жаңашылдығы туралы айтты.

IMG-20230125-WA0052

Сондай-ақ сайлау округтері мүшелерінің өкілеттіліктері, кандидаттар мен олар сенім білдірген өкілдердің құжаттарын қабылдау және тіркеу, мекемелермен байланыс және тағы басқа мәселелер жан-жақты талқыланды.

Қуаныш Қали,

Бәйтерек ауданы 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале