Батысқазақстандық оқушылар Дубайда өткен халықаралық турнирден жеңіспен оралды
1 Сәуір 2023

Батысқазақстандық оқушылар Дубайда өткен халықаралық турнирден жеңіспен оралды

«Ақжауын» телехикаясы «Nauryz» ұлттық байқауының «Үздік драмалық сериал» аталымында жеңіске жетті
31 Наурыз 2023

«Ақжауын» телехикаясы «Nauryz» ұлттық байқауының «Үздік драмалық сериал» аталымында жеңіске жетті

30 Наурыз 2023

"Ақжайық" футбол командасы кезекті жеңісіне қол жеткізді

Киік популяциясын реттеу мәселесі талқылануда
30 Наурыз 2023

Киік популяциясын реттеу мәселесі талқылануда

Жыр болған жол
29 Наурыз 2023

Жыр болған жол

Президент: «Мемлекет шын мұқтаж адамдарға ғана жәрдем береді»
29 Наурыз 2023

Президент: «Мемлекет шын мұқтаж адамдарға ғана жәрдем береді»

Сайлаудың маңызы сараланған дөңгелек үстел

Ақпан айының алғашқы бейсенбісі «Дүниежүзілік сайлау күні» екені белгілі. Аталмыш кәсіби мереке облысымызда өткен жылдан бері кең көлемде аталып келеді. Казталов аумақтық сайлау комиссиясы да бұл күнді назардан тыс қалдырмай, бүгін зиялы қауым өкілдері мен жастардың, сайлау комиссиялары мүшелерінің басын қосып, тақырыптық дөңгелек үстел ұйымдастырды.

14

Аудандық орталықтандырылған кітапхананың мәжіліс залында өткен дөңгелек үстелді Казталов аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Жүсіп Шакуов жүргізді. Келелі жиында сайлаудың маңыздылығы сараланып, талқыланды. Зиялы қауым өкілдері халықтың сайлау хақында түсінігі артып, азаматтық ұстаным қалыптасқанын тілге тиек етіп, бірқатар мәселелерді талқыға салды.

13

Жиында Еркебұлан Мирболатұлына аудан әкімі Рүстем Зұлқашевтың, Бақытжан Тольяттиұлы мен Жанаслан Меңдіханұлына ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтың, №258 сайлау учаскесінің төрағасы Жанат Ханатұлына БҚО аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ғ.Қапақовтың алғысхаттары табысталды.

12

Сонымен қатар Жүсіп Ғабдылханұлы өз атынан еліміздегі саяси науқандарға белсене қатысып жүрген Уәлиолла Әбішев, Күнсұлу Шаканайқызы, Фариза Асқарқызы, Айгүл Меңдіғалиқызын алғысхатпен марапаттады.

15

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале