3.02.2025, 11:00
Оқылды: 117

Сайлаудың маңызы зор

 

Мұндай күн 2005 жылы 14-17 қыркүйекте Будапештте өткен сайлауды ұйымдастырушылардың Бас конференциясы аясында белгіленді. Ал Еуропалық ұйымдастырушылар қауымдастығының бастамасымен енді Дүниежүзілік сайлау күні жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде аталып өтіледі. Биыл ол ақпан айының алтысына келді.

Осы сала мамандары атап өткендей, Дүниежүзілік сайлау күнін белгілеу арқылы азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау үдерістерін жетілдіру мәселесіне адамдарды тартуды мақсат етті. Осы орайда аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Арсен Бисенғалиевпен сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз.

WhatsApp Image 2025-02-03 at 11.52.22

 

-Арсен Бақытжанұлы, ең алдымен сізді және барлық сайлау комиссиясының мүшелерін келе жатқан кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Дегенмен, бұл біз үшін жаңалық. Ал мен бұл мерекенің сіз үшін не екенін білгім келеді? Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы оның қарсаңында қандай да бір іс-шараларды жоспарлады ма?

– Иә, Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Дүниежүзілік сайлау күнін өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Осы жоспарға сәйкес ашық есік күндері, дөңгелек үстелдер, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, ақсақалдар кеңесінің өкілдерімен, жастар жетекшілерімен, сайлау комиссияларының ардагерлерімен кездесулер ұйымдастыруда. Сондай-ақ учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерінің арасында «QUIZ» интеллектуалды ойыны және оқушылар арасында пікірсайыс турнирі өтеді.

– Ауданымыздың сайлау жүйесі, ол дегеніміз не, қалай жұмыс істейді, соны айтып берсеңіз?

- Ауданымыздың сайлау жүйесіне: 7 комиссия мүшесі бар Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы, 60 комиссия мүшесі бар 12 округтік сайлау комиссиясы және 224 комиссия мүшесі бар 40 учаскелік сайлау комиссиясы кіреді. Аудан бойынша барлығы 53 комиссия, 291 комиссия мүшесі бар. Бүгінгі таңда аудандық аумақтық сайлау комиссиясында тұрақты кәсіби негізде комиссияның төрағасы, төраға орынбасары және хатшысы жұмыс істейді. Аталған қызметкерлер өз қызметін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен бекітілген біліктілік талаптары негізінде жүзеге асырады.

- Сайлау процесінің маңызды сәттеріне тоқталып өтсеңіз, біздің ауданда олар әдетте қалай өтеді?

          – Соңғы 5 жылда Президент сайлауы (2019, 2022 ж.), Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы (2021, 2023 ж.), республикалық референдум (2022, 2024 ж.), ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы (2019 – 2024 ж.) өтті. Әрбір сайлау негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары негізінде өткізіледі. Сайлауды дайындау және өткізу мерзімі біздің қандай сайлау өткізетінімізге байланысты, мысалы: Президент сайлауына, республикалық референдумды өткізуге – 30 күн; Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау – 60 күн; ауылдық округтер әкімдерін сайлау – 40 күн.

Барлығы сайлау комиссиясының сайлауды тағайындау туралы шешім қабылдауынан басталады. Осы шешімнің негізінде сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітіледі, онда барлық күндер мен мерзімдер көрсетіледі. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің дауыс беру күніндегі әрекеттерінің алгоритмін әзірлеп, бекітті, оған сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері жұмыстанады.

– Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы кімдермен кездеседі, қандай шараларды ұйымдастырады?

- Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы комиссия мүшелерін оқыту, халыққа сайлау заңнамасын түсіндіру, сайлау учаскелерінің дайындығын қадағалау, кандидаттардың сенім білдірілген адамдарымен, саяси партия, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен кездесулер өткізу мақсатында тұрақты негізде ауылдық округтерді аралауды жүзеге асырады. Үгіт-насихат кезеңінде кандидаттар арасында сайлауалды пікірсайыстарды ұйымдастырады және өткізеді, онда округ тұрғындары өздерін қызықтыратын сұрақтарын қоя алады.

– Қазақстанның сайлау жүйесі үнемі даму үстінде. Оған дәлел – аудандық маңызы бар қала, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауы. Сіздің ойыңызша, мұндай жүйе өзін ақтай ма? Одан кейін әкімдердің өз өтініштері бойынша қызметінен босатылған жағдайлары болды ма?

- 2021 жылдың шілде айында ауылдық округтер әкімдерін тікелей сайлау енгізілгеннен бері ауданымызда 10 ауылдық округ әкімдерінің сайлауы 13 рет өтті. Атап айтсақ 2021 жылы Ақжайық, Ақсуат, Подстепное, Приречен және Шалқар; 2022 жылы – Шағатай; 2023 жылы - Подстепное, Шалқар, Шаған, Теректі және Богдановка; 2024 жылы – Ақсуат және Құмақсай . Ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлаудың енгізілуі тұрғындардың қалауы мен сұранысын қанағаттандыратын әкімді тікелей таңдауына мүмкіндік берді. Сондықтан бұл жүйені толығымен ақтады деп есептеймін. 2021 жылы тікелей сайланған әкімдерден 2023 жылы 2 әкім, 2024 жылы 1 әкім өз еркімен қызметінен кетті (Подстепное, Шалқар және Ақсуат ауылдық округтері).

-Сіз көптен бері өз ісіңіздің кәсіби маманына айналдыңыз. Өз бақылауларыңыз бойынша жастарымыздың сайлауға деген көзқарасын айтыңызшы?

– Соңғы жылдары аудан жастары арасында азаматтық ұстанымның жоғарылау үрдісі байқалуда. Жастар болашақта кандидаттардың сенімді өкілі бола отырып, үгіт – насихат жұмыстарына белсене қатысуда, өз кезегінде олардың сайлау учаскелеріне белсенді түрде келуі.

– Егжей-тегжейлі әңгімеңізге рахмет. Істеріңізге сәттілік тілейміз!

Темірболат Әнуарұлы,

Теректі ауданы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

WhatsApp Image 2025-02-03 at 11.52.22

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале