19.03.2023, 13:11
Оқылды: 33

«Сайлауға барып, дауыс беру - азаматтық борышымыз»

Бұл туралы Бәйтерек ауданы орталығындағы сайлау учаскелеріне келіп, дауыстарын берген тұрғындар мәлімдеді.

IMG-20230319-WA0280

Мәселен, Переметный ауылындағы №157 сайлау округіне келген Шадияр Ғабдушев ағамыз еліміздің ертеңі, жастардың болашағы жарқын болсын деген ниетпен отбасымен келіп дауысын берді.

- Сайлау учаскесіне ауыл тұрғындары жақсы келіп жатыр. Мен сияқты сайлау бюллетендерін түсінбей жатқан жандарға, егде адамдарға еріктілер, комиссия мүшелері жан-жақты жәрдем беруде. Жалпы сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылған, - деді ол.

IMG-20230319-WA0281

Ал Гүлбану Мұхтарова сайлаудың әділ де ашық өтуі, бақылаушылардың, сенімді өкілдердің сайлау процесін бақылауы Қазақстанның демократиялы ел екендігін көрсететінін айтты.

Ол өз дауыс берген кандидаттарды жақсы танитынын, егер олар депутат атанып жатса, жаңа Қазақстанды, әділетті Қазақстанды құруға елеулі үлес қосарына сенімді екенін жеткізді.
Шаңғы мен спорттық бағдарлаудан ел чемпионы Исатай Кеңесбаев төртінші жыл дауыс беруде. Сайлауға қатысуды үлкен жауапкершілік деп білетін Исатай жастар жаңа Қазақстанды қалыптастыруда өздеріне артылып отырған міндет-миссияны жақсы түсінетін жеткізді. Сол себепті осындай саяси шаралардың маңызын сезінеді.

Оның ойынша, аудан жастары бұл сайлаудан қалыс қалмақ емес. «Кейбіреулер менің дауысым не шешеді деп ойлауы мүмкін.

- Бұл дұрыс емес, әрбір адамның дауысы маңызды, - дейді спортшы жігіт.

Жақында ғана 18 жасқа толған, Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінде оқитын Данагүл Бекенова алғаш рет сайлауға қатысуда.

«Бұрын дауыс беруге ата-анам баратын еді, енді олармен бірге мен де сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауымды жасағаныма қуаныштымын. Депутаттыққа үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларымен таныспын. Мен дауыс берген кандидаттар халық қалаулысы атанса, уәделерін орындайды деп ойлаймын».

Серік Маратұлы,
Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале