25.07.2021, 12:15
Оқылды: 46

Сайлаушыға қолдау зор

Казталов ауданындағы сайлау учаскелерінің жұмысы қызу. Сайлаушылардың белсенділігі де жоғары. Сайлау өтіп жатқан ауылдық округтерде сайлаушылардың дауыс беру мүмкіндігін арттыру, қолдау көрсету мақсатында арнайы қоғамдық көліктер де қарастырылған.

qaztalov (1)

Сондай-ақ жазғы науқандық жұмыста жүрген азаматтар мен азаматшалар үшін де жылжымалы сайлау жәшігі ұйымдастырылды. Бұл ауыл тұрғындарының белсенділігінің артуына септігін тигізуде. Казталов ауылының тұрғыны Талғат Әдиетов №219 сайлау учаскесінде таңдауын жасап, аудан басшылығына ризашылығын білдірді.

qaztalov (2)

- Сайлауға келіп таңдауымды жасадым. Қос азамат та лайықты үміткерлер. Кім әкім болса да халқымыздың бірлігі мен ауылымыздың өркендеуі жолында адал қызмет еткей. Бүгін сайлау учаскесіне арнайы ұйымдастырылған қоғамдық көлік арқылы келдім. Осындай мүмкіндік туғызған аудан басшылығына да алғысым шексіз. Сайлау әділ өтеді деп сенемі, -деді Талғат Әдиетов.

Асылбек Нәсіпқали

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале