22.12.2020, 15:30
Оқылды: 84

Сайлаушылар ұсынысы – басты назарда

22 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Миржан Қарабалин, Ерболат Бекмулдин, Абылай Молдашев үгіт-насихат жұмыстары аясында Қарасу ауылдық округінің сайлаушыларымен кездесті.

САЙЛАУШЫЛАР ҰСЫНЫСЫ БАСТЫ НАЗАРДА (4)

Үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасындағы 7 бағыт бойынша атқарылатын жұмыстарды тілге тиек етіп, аталмыш ауылдық округке қатысты жобаларды атап өтті. Сайлауалды бағдарламада Қарасу ауылдық округіне қарасты Жұлдыз ауылындағы 108 орындық мектеп салынуы және Қарасу ауылындағы балабақша күрделі жөндеуден өтетіндігі жоспарланған.

Сонымен қатар кездесу барысында бағдарламада көрсетілген «Ауыл – ел бесігі», «Құтты мекен», «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Еңбек», «Бизнестің жол картасы» сынды халықтың әлеуметтік ахуалының артуына қатысты бірқатар жобалардың маңыздылығы түсіндіріліп, партия тарапынан қолдау болатындығы ескертілді.

САЙЛАУШЫЛАР ҰСЫНЫСЫ БАСТЫ НАЗАРДА (1)

Үміткерлер 2025 жылға дейін Ащысай, Бостандық елді мекендерінде газ құбырларын өткізудің де партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілгендігін нық сеніммен баяндап берді.

Сайлаушылар үміткерлерге Қарасу ауылдық округі бойынша тұрмыстық қатты қалдықтар орындарын жаңалау, қайтадан жөндеу жұмыстары; тозығы жеткен электр желілері және бағандарының жаңарту, ауыл ауруханасына жедел жәрдем көлігінің қажеттігі, оптикалық талшықты байланыс жұмыстарын жандандыру, Қарасу-Жұлдыз-Жалпақтал жолының маңыздылығын ескере отырып жол жөндеу жұмыстарын жүргізу (асфальттау), Ащысай-Бостандық арасындағы байланыс жолының жөндеу жұмыстарын жүргізу секілді мәселелерді көтерді. Үміткерлер айтылған мәселелердің назарда болатындығын жеткізді.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

 

Тапсырыс беруші: Бекмулдин Ерболат Мұратқалиұлы.

«Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале