25.07.2021, 11:26
Оқылды: 31

Сайлаушылардың белсенділігі жоғары

Казталов ауданының Жаңажол ауылдық округінің № 255 Əбіш, № 256 Көмекші сайлау учаскелерінде сайлаушылардың белсенділгі жоғары болып тұр.

kazt sailau

Сайлау учаскелері комиссиясының берген мəліметіне сүйенсек, қос сайлау учаскесінде сағат 11:00-де 90 пайызға жуық сайлаушы таңдауын жасап, дауыс беруге келген. Сайлау учаскелерінде барлық санитарлық нормалар сақталған.

-Мен бүгін сайлау учаскесіне келіп, таңдауымды жасадым. Округ əкімін сайлауды ауыл тұрғындарының құзырына бергені дұрыс деп есептеймін. Барша ауылдастарды сайлауға шақырамын!, - деді Көмекші ауылының тұрғыны Талайгүл Науанова.

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале