11.01.2023, 21:23
Оқылды: 235

Сақман ерте басталуда

10 қаңтар күні Казталов ауданы әкімі Рүстем Зұлқашев қыстақтағы ағайынның халін біліп, шаруа қожалықтардың жұмысымен танысты. «Нұрбек», «Мұрадым», «Ақжайық», «Биарыстан» шаруа қожалықтарына бас сұққан аудан әкімі сақманның ерте басталғанынан да хабардар болды.

IMG-20230111-WA0160

Бұл хабарды «Нұрбек» шаруа қожалығының жетекшісі Қазбек Ғазизов айтып, жоспарларымен де бөлісті.
- Қыстақтағы ағайынның халі жақсы деуге болады. Сақман да ерте басталғанын атап өткім келеді. Жалпы қоян жылынан күтер жақсылықтарымыз мол. Өз жайымызды баяндар болсақ, бүгінгі таңда 209 бас ірі қара, 676 бас қой, 106 бас жылқы бағып отырмыз. Қосымша 160 бас еділбай қой тұқымды аналық алып, биыл төлін сатылымға шығаруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар ауданда кенжелеп тұрған егін шаруашылығын да қолға алу жоспарымызда бар, - деді шаруа.

IMG-20230111-WA0177
Біз тоқтаған шаруа қожалықтар «Қазагрофинанс» лизингтік бағдарламасы арқылы трактор, орақ, шөп жинақтауға арналған аппараттарды сатып алған.
Аудан әкімі ауыл шаруашылығындағы кейбір мәселелердің алдын алу мақсатында су қоймаларының қазіргі ахуалымен танысты. Аудан басшысы «Казталов-1», «Казталов-2», «Мамай» және «Балықты-Сакрыл» су қоймаларында болды. Аталған су қоймаларының қазіргі жәйі басты назарда.

IMG-20230111-WA0181
-Бүгінгі іс-сапарымыз барысында 4 су қоймасының ахуалымен таныстық. Қазіргі уақытта сыйымдылығы 7,2 млн текше метрлік құрайтын «Казталов-1», 3,55 млн текше метрлік сыйымдылығы бар «Казталов-2» және 3.5 млн текше метр сыйымдылықты қамтитын «Мамай» су қоймаларының жұмысы бірқалыпты. Ал сыйымдылығы 97 млн текше метрді қамтитын «Балықты-Сакрыл» су қоймасында күні бүгінге 52 млн текше метр су жиналып отыр. Су қоймаларының ағынын бақылауда ұстап отырмыз, - деді аудан әкімінің орынбасары Ғаділбек Әлібекұлы.

IMG-20230111-WA0179
Рүстем Мүлкайұлы орынбасары Ғаділбек Әлібекұлы мен аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Сергей Хариполлаұлына ауыл шаруашылығын, соның ішінде егін шаруашылығын дамыту мәселелерін назарға алып, су қоймаларындағы ахуалды бақылауда ұстау жөнінде тапсырмалар берді.

IMG-20230111-WA0180

 

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале