22.06.2021, 18:19
Оқылды: 65

Сақтыққа салғырт қарамайық

Суға түсу маусымы ашылды. Бүгінде Бәйтерек ауданының аумағында орналасқан 3 суға түсу орыны дайын. Демалыс орындарындағы су түбі қоқыстан тазаланып, құтқару құралдарымен жабдықталған. Арнайы құтқарушылардың бақылауындағы жағажайлар келушілерін қабылдай бастаған. Бұл жайтты бізге аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің маманы Жанболат Жасталапов жеткізді.

 ооо

- Ауданға қарасты Трекин ауылдық округінде орналасқан «Карьер», Дариян ауылдық округіндегі «Мечта» кемпингі, Мичурин ауылдық округіне қарасты «Дубрава» жағажайлары керекті құралдармен толық жабдықталып, барлық талаптарға сай жұмыс жасауда.

Қауіпсіздік ережелеріне сәйкес демалушыларға қажетті құтқару шеңберлері мен кеудешелер толық алынды.

Сонымен қатар су жағасында суда өзін-өзі ұстау ержелері белгіленген арнайы стендтер орнатылды, - дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Жанболат Жасталапов.

Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің судағы оқыс оқиғаларды алдын-алу жұмыстары ойдағыдай өткізілгенмен тыйым салынған жағажайды жағалап, су қоймаларында шомылатын тұрғындар қарасы азаймай отырғанын көңіл көншітпейді екен. Тиым салынған орындарда шомылу салдарынан ауданға қарасты Погадаев, Переметный, Трекин округтерінде екі ер адам, бір жасөспірім, бір әйел адам суға кетіпті. Аталған фактілер бойынша жүргізілген анықтау жұмыстары нәтижесінде төрт азаматтың үшеуі мас күйінде суға шомылғаны анықталған.

 

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Сурет adyrna.kz сайтынан алынды

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале