9.03.2024, 13:00
Оқылды: 24

Сала ардагерлерін ардақтады

Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапхана ұжымы көктемнің ерекше мерекесі қарсаңында осы ұжымда өмірлерінің белгілі белесін өткерген сала ардагерлеріне құрмет көрсетті.

кітапхана1

«Әйел ару - әйел ән» атты әдеби-сазды альянс «Ана» әнімен ашылып, кітапханашылар Г.Амандық, Г.Айтжанов жыр жолдарынан шашу шашты. Ал, мәдениет саласының ардагері А.Сұлтанғалиев «Ана туралы жыр», аудандық саз мектебінің оқушысы С.Задыгер Махамбеттің термесін және «Ақжайығым» әндерін шырқап, қатысушыларды разы етті. Ардагер кітапханашылар мерекелік көңіл күй сыйлаған әріптестеріне шынайы тілектерін айтты.

Шара барысында «Әлем сұлу әйелмен» кітап көрмесіне шолу жасалып, әсем де әсерлі кешті кітапхана директоры Гүлмира Бердеғалиева қорытындылап, келген қонақтарға алғысын білдірді.

                                                                                      Гүлшат Ибрагимқызы,

Шыңғырлау ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале