7.08.2020, 15:54
Оқылды: 31

Сала мамандарына алғысын білдірді

Ағымдағы жылдың 15 шілдесінде Казталов ауданы әкімінің шақыртуымен Орал қаласының обаға қарсы станциясының жылжымалы зертханасы ауданымызға келген болатын.

9AC98E16-D141-4223-89B5-A82648BC84BF

Содан бастап ауданда дәрігер-бактериолог, 2 зертханашы қызмет атқарып жатыр. Бұрын қауіпті дертті анықтау және сынама тапсыру үшін 360 шақырым жердегі облыс орталығына бару керек болатын. Бұл аудан тұрғындарына үлкен қиындық туғызды. Осы жағдайларды ескерген аудан басшысы Альберт Есалиев облыстағы сала мамандарымен келісіп, үш ауданға бір жылжымалы-зертхананы алдыртты. Нәтижесінде Жәнібек, Бөкей Орда, Казталов аудандарында COVID-19  дертіне шалдыққандарды анықтау жұмыстары дұрыс жолға қойылды. Бұл ретте облыс орталығынан келген сала мамандарының еңбегі зор. Жалпы жылжымалы зертхана арқылы 882 сынама алынса, оның 94-і оң нәтиже берген. Жылжымалы зертхана жұмысы үш аудан бойынша қауіпті дерттің дер кезінде анықталып, емделуіне жол ашып берді. Қазіргі күнде әлемдік дертке шалдыққандардың саны күн санап төмендеп келеді.

4CD0E907-F012-464D-A642-BE61C263B50A

7 тамыз күні аудан әкімі Альберт Есалиев жылжымалы зертхана мамандарымен кездесті. Жылжымалы зертханда уақытпен санаспай еңбек еткен мамандарға аудан әкімі ел атынан алғыс білдіріп, алғысхаттар табыс етті.  

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале