26.12.2022, 15:15
Оқылды: 54

Сала үздіктері марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында бүгін Казталов аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шыңықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен кітапхана, спорт, мәдениет салаларының үздік қызметкерлерін «Жыл үздігі -2022» салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

20221226064443_IMG_1224

Дана халқымыздың «Ел мерейі – ер мерейі» деген сөзі бар. Салтанатты шарада өзінің туып-өскен жері үшін, елі үшін аянбай еңбек еткен әр адамнан қызметі еленіп, лайықты бағасын алды. Әсіресе ауданның мәдениеті мен спортының дамуына ерекше үлес қосқандар марапатталды.
Сахна төріне көтеріліп, құттықтау тілегін жеткізген аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Исатайқызы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде қызметімен ерекшеленген қызметкерлерді марапаттады.

20221226063113_IMG_1187
«Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен Қараоба ауылдық кітапханасының кітапханашысы Лаура Әдиетқызы, Батыс Қазақстан облысының әкімі «Үздік мәдениет қызметкері» төсбелгісімен аудандық толықтыру сұрыптау бөлімінің жетекшісі Ақырыс Өтебайқызы, Батыс Қазақстан облысының әкімі «Үздік мәдениет қызметкері» төсбелгісімен Оразғали ауылдық кітапханасының кітапханашы Әсем Сабырқызы және ҚР мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен, қазақстандық салалық мәдениет, спорт және туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен, алғысхатымен, БҚО әкімінің орынбасарының алғысхатымен бір топ кітапханашылар марапатталды. Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары «Үздік кітапханашы - 2022», «Креативті кітапханашы - 2022», «Оқырманы көп кітапханашы- 2022», «Тәжірибелі кітапханашы - 2022», «Балалар ісінің шебері - 2022», «Жылдың үздік қызметкері - 2022» аталымдарын табыстады.
Ауданымызда жақсы дамыған сала — спорт болса, осы салада үздік белестерді бағынлырып жүрген қызметкерлерді «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Сәкен Ищанов марапаттады. Батыс Қазақстан облысы әкімінің алғысхатымен Айдын Елемесұлы, облыстық басқарма басшысының алғысхатымен Мейрам Жасталапұлы, Еламан Айтасов, Ернұр Ержан марапатталды. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының 5 дүркін чемпионы, 2021 жылы өткен Турция елінде пауэрлифтингтен Азия чемпионы, биылғы жылы Дубай қаласында өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері Айдын Елемесов «Үздік спортшы» аталымына ие болды. Талай жарыстарда жүлделі орын алып жүрген ауданның бір топ спортшыларына және спорт жанашырларына «Үздік әдіскер», «Үздік спорт ұжым», «Үздік спорт ардагері»,«Үздік жаттықтырушы», «Үздік спорт жанашыры», «Үздік спортта белсенді ауыл», «Үздік спорт командасы» аталымдары табыс етілді.

20221226065851_IMG_1249
Аудан мәдениетін көтеріп, халыққа рухани азық беріп жүрген мәдениет майталмандарын аудандық мәдениет тілдер дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Берік Рахымғалиев ұлықтады.
Облыстық мәдениет басқармасының алғысхатымен Тереңкөл ауылдық мәдениет үйінің директоры Даурен Ашихов марапатталса, бір топ мәдениет қызметкерлеріне «Үздік ауылдық клуб меңгерушісі», облыстық мәдениет басқармасының алғысхатымен және «Үздік ауылдық мәдениет үйінің директоры», «Үздік әдіскер», «Үздік шара ұйымдастырушы», «Үздік үйірме жетекшісі», «Үздік Халықтық ұжым жетекшісі», «Үздік орындаушы», «Үздік ақпарат таратушы», «Үздік жас маман», «Креативті маман» аталымдары берілді.
Салтанатты шара аудан көркемөнерпаздары дайындаған шағын концертпен аяқталды.

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале