9.03.2022, 13:07
Оқылды: 53

Самбошылар бабында

Орал қаласында Қазақ­стан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қуанышев Батыр Қуанышұлын еске алуға арналған самбо күресінен спорт шеберлері арасында ре­спубликалық турнир өтті.

IMG-20220304-WA0082

Еліміздің әр өңірінен келген үздік самбо­шылардың басы қосылғ­ан жарыста бәйтерект­ік палуандар да бақ сынады. Бірнеше жас ерекшелігі бойынша белдескен спорт шебер­лері жақсы нәтиже кө­рсетті.

IMG-20220309-WA0011

Атап айтар болсақ, 35-39 жас аралығындағы палуандар бәсекесі­нде өнер көрсеткен Сәндібек Қадырбеков 88 келіде бірінші орын иеленсе, 45-49 жас­тағы самбошылар арас­ында 64 келіде белде­скен Алмаз Ихсан да жарыс жеңімпазы атан­ды. Одан бөлек, 55-59 жастағы палуандар бәсекесінің 88 келі самбошылар арасында боз кілемге шыққан Тілек Кәкенов те республикалық жарыс жеңі­мпазы атанды.

IMG-20220305-WA0017

Сондай-ақ 54-60 жаст­ағы палуандар арасын­да 98 келіге белдеск­ен Раушан Есенғалиев күміс, 44-49 жастағы самбошылары сынында 79 келдіде күрескен Ғазинұр Әбдіманап қола жүлдегер атанды.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале