Оралда «Қазақстан барысының» облыстық кезеңі өтуде
7 Мамыр 2021

Оралда «Қазақстан барысының» облыстық кезеңі өтуде

Бүгінгінің батырлары сап түзеді
7 Мамыр 2021

Бүгінгінің батырлары сап түзеді

Депутат сыйы
7 Мамыр 2021

Депутат сыйы

Бәйтеректіктер Отан қорғаушылар күнін ерекше форматта мерекеледі
7 Мамыр 2021

Бәйтеректіктер Отан қорғаушылар күнін ерекше форматта мерекеледі

Мерекеде бөрліліктер баспаналы болды
7 Мамыр 2021

Мерекеде бөрліліктер баспаналы болды

Қырандай қырағы шекарашыларды құттықтады
7 Мамыр 2021

Қырандай қырағы шекарашыларды құттықтады

Сан сауалға жауап алынды

Наурыздың 30-ында Бөкей ордасы ауданында қоғамдық кеңес отырысы өтті. Шараға тиісті мекеме басшылары қатысып, өз салаларының іс-шара жоспары мен мәселелері туралы сөз алды. Кеңестің ауылдық округтегі мүшелері онлайн форматта қатысып, күн тәртібіндегі мәселелерге үн қосты. Отырыс күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. 01131F48-2284-43DC-A32D-747925E06E9A

      Аудан бюджетінің кірісі мен облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер сомасының мөлшері артқан. Жалпы аудан бойынша 253 099,0 мың теңгеге бюджеттік өтінім түсіп, оның 54 878,0 мың теңгесі мақұлданған. Бұл туралы аудандық қаржы және экономика бөлімінің басшысы Раушан Абдуллина мәлімдеді.

   Өтінімдер қордаланған мәселелер бойынша ұсынылған. Таратып айтсақ, елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, елді мекендер көшелерін күрделі және орташа жөндеуге, сумен қамтамасыз ету, су бұру жүйелерін дамытуға, түрлі мекеме жұмыстарын жандандыруға қаржы сұралған. Облыстық бюджеттен аудан бюджетіне қайтаруға жататын қаржы қарызға берілген екен. Ол қаржы Бөрлі ауылындағы М.Бегалиева атындағы мектептің екі ғимараты арасын қосып жабық өткел салуға, Мұратсай ауылдық округіне су жеткізу жұмыстары қомақты қаржы берілген. Сол қайтарылуға тиіс қаржы мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар ретінде 6,1% мөлшерінде бос қалдық, яғни өткен жылғы бюджет кірісі есебінен қайтарылуда.

5F3351FE-FACD-48F6-BB48-57A503C0CA35

Ауыл-аймақ, елді мекен санитариясына қатысты мәселеде лас судың төгілу орны да сөз болды. Сайқын ауылдық округінің әкімі Нұргүл Омарова тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының лас су аралына айналғанын айтса, аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Светлана Рамазанова тиісті орнына жетпей төгілген лас судың қоршаған орта үшін, мал үшін зиянды, адам үшін қауіпті екенін айтады.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Шыңғыс Абдоллин «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне» енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен таныстырды. Тұрғын үй көмегін алу үшін бұрын 11 құжат жинақтайтын болса, енді 10 құжат талап етіледі. «Жылжымайтын мүліктің болуы (болмауы) туралы анықтама талап етілмейтін болды. Тұрғын үй көмегі мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға да беріледі. Тұрғын үй көмегi тағайындау оны алуға өтiнiш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанның соңына дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылады. Отбасының (азаматтың) табыстары, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтердің тұтыну төлемдерінің тарифтері өзгерген жағдайда уәкілетті орган бұрын тағайындалған көмекті қайта есептейді. Тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үй көмегін алуға әсер ететін мән-жайлар туралы күнтізбелік он күн мерзiм ішінде уәкілетті органға хабардар етуге қажет, ал өтініш берушінің тұрғын үй көмегін заңсыз тағайындауға әкеп соқтырған жалған мәліметтер бергені анықталса, тұрғын үй көмегінің төлеуі тоқтатылады. Артық төленген сомалар өз еркімен, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға жатады.

Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жалғас Ташуовтың айтуынша, көктемнің алдағы екі айында ауданда көгалдандыру жұмыстары қарқынды түрде қолға алынбақшы. Елді мекендерге тал егуге 30 миллион теңге бөлінсе, жасыл аумақ қалыптастыру жұмыстарына да дәл осындай мөлшерде қаржы қарастырылған. Ауыл, елді мекендердің тоғыз гектарына 2021-25 жылдар аралығында 13 мың түптей тал егіледі деп жоспарланып отыр.

Көктемгі сенбілік жұмыстарының кестесі жасақталды.

– Осы сенбілік науқанын тиімді жүзеге асыруды басты назарға алуымыз керек. Құм көшкіні түйткілді мәселе екені баршамызға аян. Осы мәселені шешудің бірден бір жолы –  тал егіп, көшет отырғызу. Бүгінгі таңда Орда ауылдық округінің әкімдігі Үштерек елді мекеніне құм көшкінін тоқтату мақсатында сексеуіл, жыңғыл егуді жоспарлап отыр. Сенбіліктерге мекеме қызметкерлері ғана басшылық талабымен шығатыны жасырын емес. Жеке тұрғындардың белсенділігі төмен. Тал егу жұмыстарына тұрғындарды көптеп тартуымыз керек. Әрбір  үй қожайыны осындай жұмыстарға белсене қатысып, өзгенің емес өз үйінің маңына тал, терек ексе, оның пайдасын басқа емес, өзі көретіні аян ғой. Өткен жылғы жазда Орда орман шаруашылығы тал-көшеттерін алып келіп, саттыққа қойды. Әнебір үлкен сұранысқа ие болмағаны өкінішті. Тал-терек егіп, оны суаруды қоғамдық жұмысқа тартылғандарға міндеттейді екенбіз. Осылай болса, жай тал емес, жеміс беретін тал-терек неге екпеске?! –деген ұсынысын айтты аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешев.

– Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Светлана Рамазанованың айтуынша, жыл басынан бері 50 жерлесімізден коронавирус жұқпасы анықталып, үш жерлесіміз пневмония боп, ем алған. Аллаға шүкір, өлім-жітіммен аяқталғаны жоқ. Эпидемиялық ахуалды географиялық тұрғыдан сараптасақ,  коронавирус дерті Сайқында 27, Хан Ордасында 15, Бисенде 1, Саралжында 6, Ұялыда 1 адамнан анықталған.   Әлеуметтік жағдайына қарай сараптасақ, 16 зейнеткер, түрлі салада жұмыс жасайтын 22 азамат, 8 жұмыссыз тұлға мен 4 балада індет белгісі анықталған. 39-ында коронавирустың симптомды түрі, 11-інде симптомсыз түрі бойынша ем қабылдаған. Осы науқастармен тығыз қарым-қатынаста болған 127 ауылдасымыз уақытша оқшауландырылған. Күні бүгінде ковидке шалдыққандар тіркелген жоқ.

Ауданның бас дәрігері Анарбек Белисанов вакинациялау қарқынынан хабарлама жасады. «Спутник-V» вакицинасын 110 аудан тұрғыны алғанын, әлі де болса аудан жұртшылығының белсенділік танытпай отырғанын айтты.

– Вакцина тасымалы талапқа сай жүзеге асуда. Қалдан шықпас бұрын вакцинаны қан орталығына апарып, 70ºС-қа дейін салқындатып, 48-50ºС салқындатылған күйінде алып келеміз. Аудандық ауруханада 37ºС салқындықта мұздатқышта сақтаймыз. Вакцина тасымалы спутниктен бақыланып отырады. Тасымалы мен сақталуында мін жоқ. Вакцина алушыларға толыққанды мәлімет беріліп, салдары туралы да айтылады. Әзірше ковидке вакцина алғаннан жағдайы қиындағаны туралы ешқандай мәлімет тіркелген жоқ. Бір қиындығы вакцинаны ауылдық округтерге тасымалдай алмаймыз. Өйткені сақталу, тасымал талаптарын қатаң сақтай алмаймыз. Ауылдағы ағайын вакцинаны аудан орталығына кеп, алулары керек, – деді ол.

Мониторингтік топ жұмыстары жөнінде сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Асқар Ажығалиев аталмыш топтың бір жұмада үш рет рейдке шығатынын айтты.

Кеңес отырысы көптеген түйткілді мәселелерді жан-жақты қарастырды. Баяндамашылар кеңес мүшелерінің сан алуан сауалына жауап берді.

Ұлпан Әнуарқызы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz