18.06.2026, 18:00
Оқылды: 5

Саналы ғұмырын қаржы саласына арнаған маманға құрмет көрсетілді

Бүгін Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратында аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев саналы ғұмырын ел иглігі жолындагы адал енбекке каржы-экономика саласына арнаған Дина Ерболованы зейнеткерлік жаска толуымен құттықтады.

image-18-06-26-04-59 (1)

Қырық жылдан астам еңбек өтілі бар Дина Ғалимжанқызы өз ісіне адал, жоғары кәсібилігімен, ұқыптылығымен, қарапайымдылығымен және адамгершілік қасиеттерімен әріптестері арасында зор құрметке ие. Ол қызмет барысында мемлекеттік қаржы жүйесінің дамуына, ауданның әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып келеді.

Еңбектегі жетістіктері мен мінсіз қызметі үшін бірнеше мәрте Алғыс хаттармен марапатталған. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісінің иегері,  сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

 

                                                                                                 Светлана Тыныс

                                                                                               Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале