9.02.2021, 18:17
Оқылды: 225

«Саралжын» кеңшарына – 60 жыл

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына байланысты өлке тарихын кейінгі ұрпаққа таныту – аға буын өкілдерінің борышы. Бұл мақалада Қаратөбе ауданында ата-бабасы туып-өскен немесе кезінде қызмет атқарған тұлғалардың есімін атамақпын.

 -WA0031

«Айна», «Жаңатілек» және «Сәуле» ұжымшарларының негізінен ҚазКСР-і министрлер кеңесі мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің 1961 жылғы 3 қараша күнгі №168 шешімімен «Саралжын» кеңшары құрылып, 146 361 га жер берілді.

Мұхит Мерәліұлының 150 жылдығына орай 1991 жылдан «Мұхит» кеңшары аталғанымен, 1993 жылдан қоғамдық өзгерістерге байланысты атауы өзгертілді. 1986 жылғы мәліметте 1403 ірі қара, 30174 қаракөл қойы, 524 жылқы бағымда болды. 32 жыл бойы экономикасы, мәдениеті дамып, іргелі шаруашылыққа айналды. Мемлекетке тапсырыс беруде, қаракөл терісін өндіруде зор табысқа жетті.

«Елді ер танытады»

Әнші, күйші, композитор Мұхит Мерәліұлы, алғашқы қазақ заңгері Бақытжан Қаратаев, аудармашы, штабс-капитан Молданияз Бекімов, «Ресей Империясының Құрметті азаматы», Соналы болысында 1904-1916 ж.ж. 1-басқышты 4 жыл орысша оқытатын училище ашып, 55 бала оқытып, 25 балалық жатахана ашқан Мұхамеджан-Ақшолақ Сарғожин, жоғары білімді, «Қызыл аурухананың» негізін қалаған, капитан шенді Исламғали Науырзалин, 1868 жылғы патша өкіметінің «Жаңа ережесіне» қарсылық танытып, ерікті шаруалар көтерілісіне жетекшісі болған Сейіл Түркебайұлы осы өңірдің мақтанышына айналды.

Ал генералдар Рулан Қаратаев, Сабырғали Сарғожин, адвокат Бақтыгерей Бисәліұлы, полк командирлері Шәміл Бахытжанұлы (1892-1938 ж.ж.), штабс-капитан Нұғыман Сарбопин, полковник шенді Тілек Мергенов, Исләм Сатаев, (Ақтау флотында Серік Қалдыбаев), Таңатар Бейбітов, Қоныс Ерболеков, заңгерлер Аманша Тәжин, капитан Қареке Ғабдолов (Шыңғырлау ауданындағы НКВД бастығы), Біржан Мәмбетов, Зинолла, Сансызбай Опиев, Айда, Дидар Қожамұратова, Нұрлыбек Жақсығалиев, Темірхан Бердіғалиев, Наурызбай Қалиев, Нұрболат Сағынов, Алмаз Елбаев, Самат Балданов, ұшқыш Ғафар Кереев, полковник Нұртай Амантаев есімін ел ардақтайды.

Ғылым-білім саласында

Әдебиет теориясы негізін қалаушы академик Қажым Жұмалиев, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, академик Рахымжан Елешов, «Мәскеу туризм-өлкетану академиясы» 2006 жылы профессор атағын берген Мәжит Нүрекешев, филология ғылымдарының докторы Отарәлі Бүркітов, ғылым кандидаттары Құбаш Жолдасов, Махсот Қайырғалиев, Жаңабек Жақсығалиев, 2016 жылғы «Ғылым көшбасшысы» сыйлығының иегері Мерлан Досболаев, жоғары оқу орындарындағы ұстаздар Ғазез Тінәлиев, Кеңес Тастаев, Талап Қуанышев, Амантұрлы Сүлейменов, Р.Сисенбаева ғылым-білім саласына көп еңбек сіңірді.

1924-1948 ж.ж. «Жақсыбай коммуна» мектебі тарихы «80 жылдық анықтамалықта» (2008 ж.), газетте, архивте сақталған.

Ұстаз, ақын, драматург Рахметжан Малабаев, республикалық дәрежеде атағы бар Баймұқан Бейбітовті жерлестері мақтан тұтады. «Қаз КСР-і, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағы берілгендер – 12.

1953 жылдан Саралжын ауылындағы мектепті 16 директор басқарып, 120-дан астам ұстаз қызмет атқарған.

«Елдің намысы – ердің намысы»

Кеңес кезінде түрлі қызмет саласынан атақ берілген жерлестеріміз: «Қазақ ССР- іне еңбек сіңірген дәрігер» Сапура Мұхитова, «Денсаулық саласының үздігі» Махсот Есалиев, «Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген мал дәрігері» Рахметолла Шынаров, «Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген әртіс» Зинет Мұхитова, «Қаз ССР-і мал шаруашылығының еңбек сіңірген шебері» Еленбай Ғабдырахманов, «ҚР мәслихаттарының Құрметті депутаты» Т.Сағынов, «СССР- дің озат байланысшысы» Сағын Нетәлиев, «ҚР Еңбек сіңірген өнеркәсіп қызметкері» Зекеш Сатаев, «ҚР еңбегі сіңген жерге орналастырушы» Аманжол Ақсұлтанов.

Патша өкіметі тұсында Жақсыбай болысын: 16 жыл Нұғыман Байтоқов (ұстаз Шылмұханбет Құсмановқа ата), Мұхит Мерәліұлы, Жәрдем Есалиев, Әжіғали Сариев, Шұхан Әжібаев; Соналы болысын: Мұхамеджан- Ақшолақ Сарғожин 30 жыл, Төлеген Иманғазиев, Көшербай Сарғожин, Құлнияз Қазыбектегі басқарды. Дін саласында Бұқардан оқығандар: Мәтнияз, Жұмағали, Шадияр Тоқсабаұлдары, Темірғали Телұлы, Төреш Тәйкеұлы. Кезінде батыр- би атанғандар: Түркебай, Шүрек, Сатыбалды, Сарыбөпе, Сатай, Ашық, Аққозы, Қарақозы. «Алашордашы» деп қудаланғандар: Мұрат Бақытжанұлы, Төлеген Иманғазиев, Бақтияр Ыбырайұлы, Ғұбайдолла Мұхамбетжанов (1896-1944 ж.ж.), Шұхан, Шортанбай Әжібайұлы.

«Өнерлі өрге озар»

Күйшілер: Мұхит, Боғда, Ұлықпан, Зинеп, Құбыш Мұхитовтар, Шайхы, Шынтас Қаратаевтар, жыршы Қалмағамбет Жамбылов, термеші Ермек Темірғалиұлы. Әншілер: Рысқали, Сабырғали Исмурзин, Майра Хайдарова (филармонияда), Кенже Дәулетиярова. Жазушылар: Р.Малабаев, М.Бекимов, Б.Аманшин, Қ.Хасанов. Ақындар: Хоржын, Хамит Әбілов, Ғафар Кереев, Дәржан Оңдағанов, Құттұғыл Хасанов, Тасболат, Әлібек Тінәлиев, Жалғас Жантілеуов, Сағымбай Ерғалиев, Жандос Әмірғали, Меңдіқожа Ғабдол.

«Қаратөбе ауданы» эмблемасы, «Құрметті азаматы» омырау белгісінің авторы Райхан Сағынова.

Спортта: Артур Үмбетқалиев (2004 ж.) – ҚР жасөспірімдер арасындағы чемпион, ҚР универсиада жеңімпазы, Нұршат Әуелбаев – жекпе-жектен 2018 ж. республика чемпионы, 2019 ж. спорт шебері нормасын орындады.

Газетте: Қайыржан Хасанов, Ертай Бимұханов, Нұрлан Меңдешев, Сайлау Абылаев, Маралбек Амантаев (редактор). Оралда «Шұғыла-Принт» баспагерлері Асқар Бекчурин, Гүләйім Мәмбетова, газетте бөлім меңгерушісі Орынғали Құлниязов.

Кеңес кезінде қаладағы, ауылдағы мекемелерде жұмыс істегендер: Орал механикалық зауытын 27 жыл басқарған Зекеш Сатаев, Қайрат Қожамұратов, агроном Метхат Дәулетжанов (1908-1961 ж.ж.); ауданда: Серік Малабаев, Аманбай Қожаниязов, Байзақ Балғайшиев, Амонжол Ақсұлтанов, Төлеген Ғабдолов, Тілекқабыл Сағынов, Зарлық Мусин, Махсот Ермеғалиев, Қажыгерей Қайырғалиев, Берік, Сәбит Нұрмағанбетовтер, Айдос Әмірғали.

IMG-20210208-WA0031

Кеңшар құрылымындағы ең алғашқылар

Кеңшар директорлары: Муса Кадиров, Төлеген Себепов, Ғафар Кереев, Зарлық Мусин, Махсот Ермеғалиев. Ең алғашқы бас мамандар: есепші – Басан Бәкиев, экономист – Хасен Шайхымұратов, зоотехник – Идеш Биялиев, мал дәрігері – Қаздамша Мұхамбетқалиев, прораб – Жолдас Дәржіманов, агроном – Арон Сафин. Кеңшар партия ұйымында – Х.Шайхымұратов; кәсіподақ комитетінде – А.Қожаниязов; ауылдық кеңесте – Қ.Қажыкенов; комсомол жетекшісі – Амандық Нәдірғожин. Бөлімше меңгерушілері: №1 ферма Кенжеғали Темешев, №2 ферма Қындыбай Шыныбеков, №3 ферма Сәлім Жақсығалиев. Жымпиты УМСХ училищесі кеңшардан СПТУ бөлімін ашты, директоры – Амантай Сүлейменов, оқытушылары Орынғали Құлниязов, Еркін Мәмбетов.

Еңбек майданында үкімет наградасын алғандар есімдері «Ауданның 80 жылдығы» кітабында жазылған. «Ленин» ордені – Еленбай Ғабдырахманов, Қуаныш Самарбаев; «Халықтар» және «Октябрь революциясы» ордені – Зекеш Сатаев; «Еңбек қызыл ту» ордені – 11; «Еңбек даңқы» ордені – 6; «Құрмет белгісі» ордені – 19; «Ұлы Отан соғысы» ордені – 25; «Қызыл жұлдыз» ордені – С.Жақсығалиев, Шайжан Мусағалиев; «Даңқ» ордені – 3; «1941-1945 ж.ж. жанқиярлық еңбегі үшін» медалі – 19; «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі – 9; «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалі – 3; «Ерен еңбегі үшін» медалі – 3; «ВДНХ жеңімпаздары» – 10; «Бес жылдық озаттары» – 10.

Одақ және республикалық форумға қатынасқан жерлестеріміз: «СССР Кооперация съезіне» Төлеп Мұхтаров; «Қаз ССР-і компартиясы» XVI және «Отан» партиясы VI съезіне» Тілекқабыл Сағынов; «Қаз ССР-і кәсіподақ съезіне» А.Қожаниязов, Махсот Хайдаров; «Қаз ССР-і комсомол съезіне» А.Қожаниязов, А.Ақсұлтанов, Т.Ғабдолов. Өңірде Ұлы Отан соғысынан оралмағандар – 96, соғыстан оралғандар және бронмен қалушылар есімінің Т.Қуанышев авторлығымен шыққан «Саралжын – дүр мекен» кітабында 71-і берілген. Негізі 90-ға таяу, біразы басқа өңірге кеткен. Екі ғасырдай мерзімде алқапта тұрған, қоғам өміріне белсенді араласқан, есімі ескеруге тұрарлық жерлестерімізді жас ұрпақ жадында сақтасын деп ұсынып отырмын.

 

Тілекқабыл Сағынов,

өлкетанушы-тарихшы,

Қаратөбе ауданының Құрметті азаматы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале