23.12.2019, 15:29
Оқылды: 119

Саралжында тарихи-өлкетанымдық кітаптың тұсауы кесілді

Тарихты ұлықтау, өткенді елеп-ескеру, ғылым тұрғысынан зерттеу бүгінгі ұрпақтың парызы. Келешекте тұтқа ұстар азаматтардың өткенінен хабардар, ұлттық құндылықтарды, тарихи ескерткіштерді көзіміздің қарашығындай қорғап, бабалар салған дара жолдың сарынын ұстанғаны абзал. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер», «Атамекен» секілді кіші бағыттары да осы.

qaratobe kitap (8)

Қаратөбе ауданының Саралжын ауылындағы түлектер бас қосқан форумда ақын, өлкетанушы, "Ақберен" ақындар мектебінің жетекшісі, БҚИТУ-дың ұстазы, ғалым, жерлесіміз Талап Қуаныш Таймасұлының "Саралжын - дүр мекен" атты тарихи-өлкетанымдық кітабының тұсауы кесілді.

qaratobe kitap (10)

Кітаптың лентасын ардагер ұстаз Зәреден Утениязов пен кітаптың алғы сөзін жазған жерлесіміз тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Жаңабек Жақсығалиев қиды.

qaratobe kitap (4)

Тарихи мол мұраны түгелдеген кітаптың мұқабасы да ерекше. Бұл еңбек оқушылар мен студентер үшін де, тарих, өлкетану тақырыбына қызығушылық танытатын адам үшін де пайдалы болмақ. Кітап туған жердің кешегі мен бүгінін, тарихын баяндайды.

 ⁃Туған жер үшін демеуші болған, жомарт азаматтар Амангелді Мырзағалиевке, Азамат Қоблашовқа, Таңатар Бейбітовке, бұл жерде дүниеге келмесе де ата, әке әруағын ардақтаған Ұлан Отаралыұлына ерекше алғысымды білдіремін. Мен осы кітап жазу жолында ауылда өсіп, қара топырақтан жетілген қаншама кәсібі жүріп отырған ұл-қыздарымыздың шынайы бейнесін көрдім. Болашақ үшін күрес - елге тигізген үлес. Бар болса, елге пайдаң тигені істің сауаптысы! Дегенмен іс бітті. Осы кітаптың жазылуына үлес қосқан баршаға алғыс айтамын, - дейді автор Талап Таймасұлы.

Маралбек Амантаев

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале