24.06.2026, 15:56
Оқылды: 12

“Сары дала сағынышы – сал Мұхит”

Атамекен өнер ордасында “Сары дала сағынышы – сал Мұхит” республикалық дәстүрлі әншілер байқауының жеребе тарту рәсімі өтті. Ұлттық өнерді ұлықтаған бұл игі шараға еліміздің әр өңірінен келген талантты дәстүрлі әншілер қатысып, алдағы өнер додасына дайындықтың алғашқы кезеңі ресми түрде басталды.

94582cb0-69a6-4dd0-ae77-efcad6f7a3f9

Аталған байқаудың ерекшелігі – оның ұлы әнші, қазақтың дәстүрлі музыка өнеріндегі көрнекті тұлға сал Мұхиттың туған жері Қаратөбе ауданында өтуі.

993fe4d7-fca6-49fb-8da2-9865b23a2c2c

Жарыстың әділ қазылар алқасының құрамы таныстырылып, олардың кәсіби деңгейі мен өнердегі орны ерекше атап өтілді. Қазылар алқасының төрағасы – белгілі дәстүрлі әнші Қайрат Сайлауұлы. Сонымен қатар, қазылар қатарында дәстүрлі ән өнерінің майталмандары Армат Ислямғалиев, Ардақ Бекмұратқызы, Ғалым Мұхаммеден және Рысты Хасенқызы бар. Бұл өнер иелерінің әрқайсысы ұлттық музыка саласында өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан, тәжірибесі мол мамандар. Олардың кәсіби біліктілігі мен талғамы байқауға қатысушылардың шынайы деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Ертең Қаратөбе сахнасында жас таланттар өз өнерлерін ортаға салып, көрермен мен қазылар алқасының сынынан өтеді.

7ba2a102-9c46-4d47-b7c8-3b52062c337e

Кіл мықтылар бақ сынайтын бұл дүбірлі додада әр қатысушының өнері мен шеберлігі сынға түсері анық. Осындай тартысты сайыста өнері өрге жүзген, шын мықты ғана топ жарып, жеңіс тұғырынан көрінсін деген ақ тілек тілейміз.

 

Бекзат Қанәділ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале