1.09.2021, 17:45
Оқылды: 129

Сарыөмір ауылында спорт алаңы ашылды

Теректі ауданына қарасты Шалқар ауылдық округінің орталығы саналатын Сарыөмір ауылында жаңадан спорт алаңы ашылды. Алаңның ашылу салтанатына Теректі ауданы әкімінің орынбасары Ержан Досмақов қатысты.

 IMG-20210901-WA0076

Бүгінде бұқаралық спорт әрбір қарапайым отбасына қолжетімді болып келеді. Себебі, аудан бойынша барлық дерлік ауылдарда спорттық алаңдар жасақталып, ел игілігіне берілуде. Расымен, бұқаралық спорттың қолжетімділігі – дені сау ұлт қалыптастырудың басты шарты.

Сарыөмір ауылындағы спорт алаңы құрылысына жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, мердігер «Asia Mega Stroy» ЖШС құрылысты жүргізген.  Спорт алаңының бой көтеруіне жеке кәсіпкерлер Алтынбек Айғалиев пен Әсемгүл Ғилманова да өз үлестерін қосқан.

Салтанатты шара аясында лента қию рәсімін Теректі ауданының құрметті азаматы Ерболат Қоңқашев пен ауыл тұрғыны, ардагер спортшы Ізжан Қиындықов жүргізді.

 

Әділет Әлібекұлы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале