28.03.2024, 11:30
Оқылды: 44

Сатқали Сапарұлын еске алуға арналған футзалдан аудандық ашық турнир басталды

 

Бүгін Жаңақала аудандық «Жастар» спорт клубының ұйымдастыруымен белгілі қоғам қайраткері Жаңақала аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Сатқали Сапаровты еске алуға арналған футзалдан аудандық ашық турнирдің ашылу салтанаты өтті.

сапаров турнир 2024 (6)

Аталмыш спорттық додаға Сатқали Сапарұлының ұрпақтары демеушілік етті. Әр аймақтан барлығы он бес команда жиылды.

Атап айтсақ, Ақжайық ауданы, Қабыршақты ауылының командасы, Ақжайық ауданынан Жаңабұлақ ауылы және Үштөбе ауылының командасы, Бөрлі ауылының командасы, Теректі ауданынан Подстепное ауылының командасы, Казталов ауданынан Жалпақтал ауылының командасы, Сырым ауданынан Жымпиты ауылының командасы, Бөкей орда ауданынан Мақсат командасы, Орал қаласынан Клем Сервис командасы, Жаңақала ауданынан Көпжасар ауылдық округінің командасы, Жаңақала ауданы, Мәстексай ауылдық округінің командасы, Жаңақала ауданы, Жеке кәсіпкер «Ибрашев» командасы, Жаңақала мектеп-гимназиясының командасы, Жаңақала аудандық ауруханасы командасы, Жаңақала ауданының командасы бар.

сапаров турнир 2024 (1)

Сонымен қатар аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев, Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары Руслан Ғұмар, Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ақнұрлы Нұрғалиқызы, Жаңақала аудандық «Жастар» спорт клубының директоры Жанболат Жасқайратұлы және балалары Фазылғали Сатқалиұлы, Әбілғазы Сапар, Қуаныш Сапаров және барша ұрпағы қатысты.

сапаров турнир 2024 (5)

Сатқали Сапарұлын еске алу турнирі 2013 жылы басталып, күні бүгінге дейін жалғасып жатыр.

Сол жылдардан бері турнирді ұйымдастыруға үлес қосқан немересі Есбол Әбілғазіұлы қазіргі таңда арамызда жоқ. Аудан әкімі Алпамыс Жаңабайұлы және Фазылғали Сатқалиұлы сөз алып, барша қатысушы командаға сәттілік тіледі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні орындалып, қатысушылар дайындықтарын бастады.

Турнир Жаңақала мектеп-гимназиясы және спорт кешенінде жалғасады.

Ақерке Ғилымхан,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале