10.08.2022, 11:33
Оқылды: 35

Сауда орталықтарын аралады

Күн сайын құбылып тұрған баға еліміздің қай өңірінде де қарапайым жұртшылықтың қалтасына салмақ салуда.

298034915_1624972131210193_136163302786197065_n

Осындай негізсіз көтерілген бағаны болдырмау, халықтың күнделікті көп тұтынатын тағам түрлеріне қолжетімділікті бақылап отыру Шыңғырлау ауданында жақсы жолға қойылған. Әсіресе азық-түлік пен тауар бағасына мониторинг жүргізуді «AMANAT» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы жанынан құрылған мониторинг тобы үнемі назарда ұстап келеді. Аталмыш топ аудан орталығы Шыңғырлау ауылындағы  дүкендерге бас сұғып,  зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Топ мүшелері әлеуметтік азық-түлік түрлерінің бағаларын бақылап, дүкен әкімшілеріне тиісті ұсыныстар берді. Жалпы, сауда нысандарында баға өсімі байқалмады. Сондай-ақ, азық-түлік қоры да жеткілікті.

Н.Айқын,

Шыңғырлау ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале