13.08.2021, 12:08
Оқылды: 72

Сахнада «Ән-Мұхит» әуеледі

Қаратөбе аудандық мәдениет үйінде Мұхит Мерәліұлының 180 жылдық мерейтойына орай ақын-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халықаралық «Алаш» және тәуелсіз «Тарлан» сыйлықтарының иегері Иран-Ғайыптың «Ән-Мұхит» драмалық дастаны сахналанды. Қойылым режиссеры мәдениет саласының үздігі – Мұсағали Бектенов.

 IMG_8690

Кең тынысты қойылым алты алашқа ән оздырған сал Мұхиттың өмір жолын суреттейді. Халық композиторы әндерінің шығу тарихы баяндалып, қоғамның ащы шындығы әшкереленді. Батыс ән мектебінің негізін қалаған көрнекті тұлға Мұхиттың бейнесін аудандық мәдениет үйінің дәстүрлі әншісі Нұршат Исламғалиев шебер сомдады. Аудан сахнасында алғаш сахналанған драмалық дас­танда Мұхиттың әкесі Мерәлінің рөлін Рүстем Ақташев, ауыл ақсақалының бейнесін Қуаныш Дүйсекеш, Әжігерей күйшіні Қыдырнияз Егінғали, Қайыр аңшының рөлін Мерей Амангелдиев, Медет қарияның бейнесін сомдаған Таңат Жексенбаев сынды жергілікті мәдениет қызметкерлері ойнаған қойы­лым­ды көрермен мейлінше жылы қабыл­дады. Сал-Мұ­хит­тың заманын­да­ғы тағдыр тау­қыметі, ақын өлең­дерінің шығу тарихы баян­далған драмада күмбірлеген күйге де кезек бе­рілді. Сахналанған сазды драмада Сал Мұхиттың «Көк Айдай», «Үлкен Айдай», «Қарақаншық», «Айнамкөз», «Зәуреш», «Паң көйлек» әндері нақышына келтіріле шырқалды.

IMG_8678

Қойы­лым­­ның шығу тари­хына аз-кем тоқ­талған режиссерМұсағали Бектенов осыдан бес жыл бұрын Мұхит Мерә­лі­ұлы­ның 175 жылдық тор­қалы тойына Иран-Ғайып ар­найы жаз­ған дүниенің ту­ған өлкесінде қойы­луы кездей­соқ еместігін атап өт­ті.

– Бұл туын­ды Қаратөбе ауданы мәдениет басшыларының шақыруымен дайындалған қойылым. Дра­матург Иран-Ғайып бұл қойылымды Ахмет Жұбановтың Мұхит туралы монографиясындағы деректер желісімен жазған. Өкінішке орай Мұхит бабамыз туралы деректер өте аз. Соған қарамастан әндерінің тарихымен қойылым жасадық. Өзім де Мұхит әндерін орындаушымын, – деді режиссер. Сонымен қа­тар қойылымды халықтың жүре­гіне жеткізе білген әртіс­терге риза­шылығын білдірді.

IMG_8657

Драмалық қойылым соңында сахнаға көтерілген аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев көрерменге мәдени демалыс сыйлаған аудан көркемөнерпаздарына алғыс білдірді. Өңірімізді елге танытқан Мұхит бабамыздың мерейтойы қарсаңында оның соңына қалдырған өнері мен шығармашылығын насихаттауда зор еңбек сіңіріп жүрген мәдениет қызметкерлерінің еңбегіне тоқталып, баба мұрасын жас ұрпақ санасына сіңіруде жұмыстана беруіміз қажеттігін атап өтті.

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале