2.06.2022, 18:00
Оқылды: 73

Саяси дамудың жаңа кезеңі

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясының нақты жүзеге асуының дәлелі ретінде 5 маусым күні елімізде Конституцияға түзетулер енгізу бойынша республикалық референдум өтеді.

9

1995 жылы қабылданған Ата заң жаңаша бағытта жаңғырып, мемлекеттік басқару жүйесіне өзгерістер енгізіліп, елдегі саяси ахуалға жаңа дем берілетініне сеніміміз мол.

Қазіргі уақытта референдум өткізудің маңыздылығы - қоғамның барлық санаттарына саяси реформаларды жүзеге асыруға қатысуға мүмкіндік береді. Мұны біздің жастарымыз толық көлемде пайдалануы керек. Жаңа Қазақстан - бұл жай ғана ұран емес, біз үшін бұл жаңа қоғам құру қағидаты.

Өзім ауданымыздың жастарымен тікелей жұмыс жасайтын болған соң, әріптестеріммен бірге референдум туралы толық мағлұмат бердік. Референдумнан кейін қазақстандықтарды қандай өзгерістер күтіп тұрғанын түсіндіру үшін Конституцияға енгізілетін әрбір түзетуге талдау жасадық. Сөйтіп, Жаңа Қазақстанның саяси жүйесін қалыптастыруға үлес қосуымыздың маңыздылығын ұғындырдық. Теректілік жастардың белсенділік танытатынына күмәнім жоқ.

Алдағы референдум мемлекетіміздің болашағын айқындайды. Сондықтан әрбір қазақстандық осы тарихи бетбұрысты жасауға өз үлесін қосуы қажет деп есептеймін.

Нұрсауле Аткеева,

Теректі аудандық жастармен жұмыс жөніндегі

ресурстық орталықтың басшысы,

аудандық мәслихат депутаты

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале