31.01.2023, 12:46
Оқылды: 27

Сазгердің шығармашылық кеші өтті

Бәйтерек ауданы Переметный ауылында «Мәдениет майталманы» төсбелгісінің иегері, халықтық «Шежіре» фольклорлық ансамблінің жетекшісі Аслан Ғизатов «Өнермен қанатым талмайды» атты шығармашылық кеші өтті.  

baiterek (2)

Аслан Сағынбайұлы 1983 жылы БҚО Фурманов ауданы Талдапан ауылында дүниеге келген . 1989-1999 жылдары мектеп қабырғасынан білім алып, сол мектепті тәмамдады. 1999-2003 жылы Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы саз колледжінің  «Ұлттық аспаптар» бөлімінің «Домбыра» мамандығын аяқтаған. Еңбек жолын 2003 жылы Ақжайық саз мектебінде бастаған. 2005 жылы Зеленов ауданы, Щапов ауылдық клубының сүйемелдеуші қызметіне орналасып, 2005 жылы Переметный  аудандық мәдениет үйінің үйірме жетекшісі қызметіне ауыстырылады. Осы уақыт ішінде Аслан Ғизатов халқына қалтқысыз қызмет қылушы, ұжымда жақсы маман ретінде  танылып, өзіне де, өзгеге де талап қоя білетін жауапты қызметкер екенін көрсеткен.

Кештің шымылдығын «Шежіре» фольклорлық ансамблі Құрманғазының «Адай» күйін күбірлетіп ашып берді. Одан әрмен Мұзафар Әлімбаевтың сөзіне жазылған Әсет Бейсеуовтың «Маралдым», Кенен Әзірбаевтың «Ойжайлау» әндері шырқалды. Содан кейінгі кезекте кеш иесі Аслан Ғизатовтың «Тәуелсіздік арманы Алашымның», «Таңғажайып әлем» атты әндері мен «Жалынды Бәйтерегім» күйі орындалды. Көрермен Аслан Сағынбайұлының күйшілік өнерімен қоса сазгерлік өнері де барын біліп таңданды.

baiterek (3)

Талай тақырыпқа ән жазып, тыңдарман жүрегінен орын тапқан сазгердің кешіне арнайы келген аудан әкімінің аппаратының басшысы Нұржан Дүзбатыр сахнаға шақырылып, құттықтау сөз сөйледі, Аслан Ғизатовтың ата-анасына шапан мен камзол сыйға тартты. Сондай-ақ өнер иесіне жүрекжарды лебізін арнаған мәдениет саласының үздігі Ермек Молдабеков пен аудандық мәдени-демалыс орталығының әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Амангүл Намазова да қазақы салтпен сый-құрмет көрсетті.

baiterek (1)

Нұрсәуле Әбілпейісова,

Фото авторы: Салим Мамбеталиев

Бәйтерек ауданы,

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале