13.05.2024, 17:45
Оқылды: 16

С.Датов көшесіне асфальт төселеді

Бүгін Жаңақала ауданы әкімі Алпамыс Көшкінбаевтың қатысуымен қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысы өтті.

1496297c-a394-4f28-b5bd-1801560ab9b8

Оған 11 кеңес мүшесінің 8-і қатынасты. Кеңес төрағасы Қуат Имашев төрағалық еткен жиынның күн тәртібінде аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №13-3 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселесі қаралды.

Аталған тақырып жөнінде Алпамыс Жаңабайұлы сөз алып, жыл басынан бері атқарылып жатқан істерді тарқата әңгімеледі.

 Сондай-ақ отырыс соңында тұрғындардың үш әлеуметтік нысан (мәдени-демалыс орталығы, «Еркем» балабақшасы мен педагогикалық-психологиялық түзету кабинеті) орналасқан С.Датов көшесіне асфальт төсеу туралы өтініші қаралды.

Аудан әкімі асфальтты үнемделген қаражат есебінен төсеуді ұсынып, кеңес мүшелері бірауыздан келісті.

Айзада Жанұзаққызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале