15.12.2022, 13:00
Оқылды: 37

Сегіз команда бақ сынасты

Жуырда Тасқала ауданының спорт ардагері, футбол, волейбол жаттықтырушысы Искалиев Мағзом Бекесұлының туғанына 70 жыл толуына орай аудан орталығында ерлер арасында волейболдан аудан турнирі ұйымдастырылды. Оған сегіз команда қатысып, жарыстың көркін қыздырды.

Валейбол

Аталмыш жарыстың ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Талғат Шакиров осы турнирдің ұйымдастырылуына ұйытқы болғандарға алғыс айтып, қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Шара барысында Мағзом Бекесұлының өмірлік сәттеріне құрылған бейнефильм көрсетіліп, еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланды.

Айтып өтсек, Исқалиев Мағзом Бекесұлы 1952 жылы 13 желтоқсанда Саратов облысы Озинки ауданының Сланецвый Рудник кенішінде қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келген. 1959 жылы Озинки ауданының Мордино кентіндегі (Чалыклинский совхозы) Чалыклин орта мектебінің 1 сыныбына қабылданып, мектеп табалдырығын аттайды. 1983 жылдан бастап ауыл шаруашылығы кәсіподақтарының аудандық комитетіне ауысады. Онда ол спортқа жетекшілік етті, сонымен қатар балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде секцияға параллель жүргізді. Ал, 1989 жылы КСРО ыдырағаннан кейін аудандық кәсіподақтар комитеті таратылғаннан кезде спорт сарайындағы жаттықтырушылық жұмысқа ауысады. Жүздеген тәрбиеленушілер оның жан дүниесінен өтті, ол олардың әрқайсысында мүмкіндіктерді болжап, оларды дамытып, бағыттап, өмірдегі әрбір адамға қажет жауынгерлік рухты жандырды. Ол спортты, балаларды жақсы көрді және ақша, көлік алып келді, балаларды жарыстарға апару үшін барлық мүмкіндіктерді тапты және олар жақсы ойнады.

Шәкіртеріне тоқталсақ, Бисалиев Қуат – бұрынғы Ақжайық футбол клубының ойыншысы, Новеньков – Петр бұрынғы Ақжайық және Бәйтерек футбол клубының ойыншысы, Әбдуғалиев Алмаз – бұрынғы Ақжайық және Бәйтерек футбол клубтарының ойыншысы, Тапалов Еркін –  Қызылжар футбол клубының ойыншысы және Қазақстан құрамасында да бар.

Аталмыш жарыстың деңгейі жоғары дәрежеде өтті. Сегіз командадан құралған жарыс барысында екі топқа бөлінген командалар топтан шығу үшін ынта-жігерлерін көрсетті. Жарыс нәтижесінде Тасқала ауылының №1 құрама командасы жеңімпаз атанса, екінші орын Оян құрама командасына бұйырды. Ал үшінші орынды Ақтау ауылның құрама командасы еншіледі. Жеңімпаз және жүлдегер командалар қаржылай  (І орын 100 мың, ІІ орын 70 мың, ІІІ орын 50 мың), дипломдар мен медальдарға ие болды.

Болат Бек,

Тасқала ауданы 

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале