19.05.2025, 15:45
Оқылды: 451

Сегізсайлық келіндердің сенбілігі

 

Аудан орталығынан шалғайда жатқан ұядай ғана Сегізсай ауылы өзінің тату тірлігімен, ұйымшылдығымен, тұрғындардың еңбекқорлығымен танымалы. Әр үйдің қазанында жаңа піскен сүттің иісі таза ауада танауыңды қытықтаса, даласында төрт түлік мал емін-еркін тойынуда. Ауыл адамдары бір-біріне ерекше тату көңілмен қарап, әр бастамаға да бір кісідей үн қатады. Әсіресе, ауылдың тазалығына мән беруге тырысады.

Изображение WhatsApp 2025-05-19 в 10.34.29_4eea75d3

Жуырда ауылымызда ерекше сенбілік өтті. Ерекше болатын себебі - ауыл келіндері бастама көтеріп, ауыл төңірегіне сенбілікке шығып, тазалық жұмысын жүргізді. Желмен ұшқан қағаз, целлофандарды, далада жиналып қалған сынған ағаш бұтақтарын жинап, белсенділік танытты. Олар жинаған қоқыс қалдықтарын  ауыл азаматы Қ.Исанқұловқа жеке көлігімен арнайы орынға шығарып, өзінің қолұшын берді.

Изображение WhatsApp 2025-05-19 в 10.34.29_6ed6a287

Ауылды таза ұстау, кейінгі ұрпаққа өнеге болу осындай іс-әрекеттерден көрініс табады. Ал, біз ауыл келіндерінің ерекше құлшыныстарына риза болып, әрдайым осындай ұйымшылдықтарыңнан айырылмаңдар деген тілегімізді білдірдік.

Айгүл Кенжебаева,

Сегізсай ауылының тұрғыны

Шыңғырлау ауданы

Сегізсайдағы сенбілік

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале