28.09.2022, 16:01
Оқылды: 69

«Сейітқали Меңдешев – мемлекет және қоғам қайраткері»

Бүгін Жаңақала ауданына Елордасы Астанадан Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев келді. Аудан әкімі Дархан Закарин мен Қазақстан журналистер және жазушылар одағының мүшесі, ақын Закария Сисенғали бастаған делегация Астана, Алматы қалаларынан келген қонақтарды қарсылап алды. Ұлттық киім киген жерлестеріміз қонақтарға домбырамен ән салып, ұлттық тағамымыз бауырсақ пен ақ ұсынды.

3

Одан әрі Мәмен және Тұяқберді Шәмеловтың кесенелеріне тоқтап құран бағыштады.

5

Жаңақала ауданы әкімдігі мен Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы қолдауымен ауданымыздың қайта құрылғанына 50 жыл және көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, автономиялы Қазақ Республикасы Орталық Атқару Комитетінің тұңғыш төрағасы, Алаш тұлғасы Сейітқали Меңдешевтің туғанына 140 жыл толуына орай «Сейітқали Меңдешев – мемлекет және қоғам қайраткері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

4

Алдымен Н.Хамзин, Б.Өтешқалиев, Ж.Мұсағалиев, Р.Төлегенов, Т.Бейсенғалиев Алаштың арыстары Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбергенов, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақіп Дулатов, Ахмет Байтұрсынов өлеңдерін мәнерлеп оқып берді.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, «Орталық мемлекеттік архив» Республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры, тарих ғылымының кандидаты, ҚР Жастар одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Сәбит Шілдебай, «Жаһанша Досмұхамедов» атындағы қоғамдық қордың президенті, тарих ғылымының кандидаты, қауымдастырылған профессоры, Алаштанушы, Сырым ауданының құрметті азаматы Дәметкен Сүлейменова, Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі басқармасының басшысы Сайран Дүйсенов, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің «Рухани жаңғыру» институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, Қалықаралық Махамбет атындағы сыйлықтың иегері, «Махамбет» әдеби, мәдени және танымдық журналының бас редакторы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Абат Қыдыршаев, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агралық-техникалық университетінің «Рухани жаңғыру» орталығының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты – Есқайрат Хайдаров, ақын, қоғам қайраткері, Қазақстан жазушылар және журналистер одағының мүшесі Закария Сисенғали қатысты.

Райхан Амантайқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале