29.12.2022, 17:00
Оқылды: 40

«Сен – үздіксің»

Дәл осындай атаумен 23 желтоқсан күні Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығының фойесінде ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен 2022 жыл «Балалар жылы» болып бекітілуіне орай қорытынды марапаттау іс-шарасы өтті.

13

Аталған іс-шараға аудан әкімі Бауыржан Айтмағамбетов, аудандық маслихат хатшысы Жанар Бисенғалиева, аудан әкімінің орынбасары Талғат Шакиров,  аудандық білім беру бөлімінің басшысы Айгүл Касимова және білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Сөз басын аудан әкімі  Бауыржан Айтмағамбетов бастап, балалар жылының маңызы мен мағынасы зор екендігін атап өтіп, ізгі тілегін білдірді.

– Ел Президентінің биылғы жылды «Балалар жылы» деп белгіленуі балалар үшін зор қуаныш болғаны белгілі. Бүгінгі шарамыз мақсаты білім беру ұйымдарында жетістікке жетіп жүрген оқушыларды марапаттау, олардың шығармашылығын қолдау болып табылады. Сіздердің жетістіктеріңіз – аудан абыройы, ел мерейі. Іс-шараның тақырыбында айтылғандай сіздер оқуда да, өнерде де үздіксіздер. Әрдайым осылай жоғары жетістікке жете беріңіздер, - деді Бауыржан Есқайырұлы.

Салтанатты іс-шарада талантты да дарынды, білімді, спорт сүйген оқушылар Макимова Дилляра («Сәулет» мектеп-лицейі), Ақболатова Сара  (Шежін «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені) Чичина Валерия (С.Жақсығұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп) Әлібек Айерке  (Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп), Қамидолла  Раяна (Балалар музыка мектебі), Сағынгереева Бақыт (Жалпы білім беретін Мерей орта мектебі), Аяпбергенова Анель (Жалпы білім беретін Айнабұлақ негізгі орта мектебі), Тілегенов Диас (Мектептен тыс жұмыс орталығы), Мамбетов Бекжан («Жас туристтер станциясы») Сарым Саян (Ақтау «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені) Оразбай Гүлнәз (Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп) Ермекова Айгерім (Бірлік негізгі орта мектебі), Бөлекбай Аружан (Оян «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені) Нашанова Айару (Достық «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені) Қален Арлан (Амангелді «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені), Құспан Сұлу (Мереке «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені), Құбаш Кәрім (Атамекен «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені) аудан әкімінің «Алғыс хатымен» және демеушілер есебінен 20 000 теңге қаржылай сыйлықпен  марапатталды.

Іс-шарада марапатталған оқушылар ғылыми, мәдени, қоғамдық шараларға белсене қатысушы, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі байқаулардың,  жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада, ғылыми жобалар конкурсының жеңімпазы. Сонымен қатар, облыстық «Апельсин» физика-техникалық турнирінде, түрлі ақын-жазушылардың оқуларында, облыстық "Қарлығаш" туриадасында жоғары нәтижелерге қол жетізген үздіктер.

Үздіктер анықталған іс-шарада аудандық мәдени-демалыс орталығының көркемөнерпаздарының концерті ұсынылып, аудандық балалар музыка мектебінің ұстаздары мен оқушыларының өнерлері көрсетіліп, Ақтау «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешенінің» оқушысы Мерекеұлы Инсардың әні шырқалды.

Меңдібек Нұрболатұлы,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале