29.05.2022, 1:11
Оқылды: 67

Сенат депутаты Сырымда

Бүгін Сырым ауданына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаты Сүйіндік Алдашев арнайы келді.

1653730181046

Алғабас және Бұлан ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, алдағы өтетін референдумның​ маңыздылығы, Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды кеңінен атап өтті.

- Конституцияға референдум арқылы соңғы рет 1995 жылы өзгеріс енгізілген болатын. Сол себепті Президентіміз бүкілхалықтық референдумды өткізуді ұсынды. Біз Жаңа Қазақстанды халықпен бірге құрамыз. Сол үшін де сіздердің әрбіріңіздің даусыңыз маңызды,- деді Сенат депутаты С.Алдашев өзінің халықпен кездесуінде.

IMG-20220529-WA0008

Қос ауылдың тұрғындарымен жүздескен депутат аудан орталығындағы ақ халатты абзал жандармен еркін пікірлесті.

Аталмыш сала өкілдері тарапынан зейнет жасына ерте шығатын топтарды қайта қарау, медицина саласындағы еңбек ету жылдарын ескеру (выслуга) мәселелері қозғалды.

1653730221599 (1)

С.Тасеменұлы аталған мәселердің шешілу жолы қарастырылатынын айтты.

Жиынға қатысқандар Президент ұсынысын, Ата заңға енгізілетін өзгерістерді қолдап, дауыс беретіндерін жеткізді.

IMG-20220529-WA0007

Жиын соңында аудан әкімі Төлеген Серікқалиұлы аудан атынан Сенат депутаты Сүйіндік Алдашев пен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альберт Есалиевке естелік кітаптар табыс етті.

IMG-20220529-WA0009

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале