23.07.2022, 17:27
Оқылды: 34

Сенаторлар сапары

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нариман Төреғалиев пен Ләззат Рысбекова және облыстық мәслихаттың хатшысы Бибигүл Қонысбаева Бәйтерек ауданына жұмыс сапарымен келді.

IMG-20220723-WA0059

Олар бірінші Переметный ауылдық округі Калинин ауылындағы клубтың күрделі жөндеуімен танысты. 1967 жылы салынған бұл нысан биылғы наурыз айынан бастап жаңа кейіпке енуде. Мердігер компания өкілі Талғат Уахитовтың айтуынша, тамыз айының басында жөндеу жұмыстары толықтай бітеді. Бұл жерде 25 шақты адам еңбек етуде. Жөндеу жұмыстарына бюджеттен 174 млн теңге қаржы бөлінген. Клуб күрделі жөндеуден кейін «Шың» жастар сазды-драма театры болып ашылады деген жоспар бар. Аталмыш театр жетекшісі Кенесары Болғанбаевтың айтуынша, мұнда 17 қызметкер жұмыс істемекші. Осында спектакль, ертегі қойылып, қуаршақ театры да болады.

IMG-20220723-WA0062

Одан соң сенаторлар аудандық мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесті. Депутаттар Парламент жұмысы, қабылданып жатқан заңдар туралы баяндады. Кездесу барысында елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуал, жұмыспен қамту, геосаяси жағдай, ауыл шаруашылығы саласына мамандар тарту бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді.

Переметный-Белес жолын жөндеу жұмыстарымен танысқан кезде мердігер компания өкілдері жол-құрылыс материалдары бағасының өсуі секілді мәселелерді көтерді. Халық қалаулылары ел көлемінде жол жөндеу бағытында орын алған мәселелерді шешу бағытында қабылданып жатқан іс-шараларға тоқталды.

IMG-20220723-WA0060

Белес ауылдық округі тұрғындармен болған кездесу барысында азық-түлік бағасын реттеу, ауыл мектебін күрделі жөндеуден өткізу, округ аумағында орналасқан ірі компаниялар төлеп отырған салық түсімінің бір бөлігін аудан бюджетіне қалдыру мәселелері айтылды.

Дариян аумағына барғанда сенаторлар «Матевосян» шаруа қожалығында болды. Негізінен өсімдік шаруашылығына мән беретін қожалық биыл 16 353 гектарға дән сепкен. Онда агроқұрылымдарды қолдау бағытында мемлекет тарапынан алынып жатқан іс-шаралар баяндалды.

Содан соң депутаттар Дариян ауылының тұрғындарымен кездесті. Онда балалар ойын алаңдарын салу, білім ұяларын жөндеу, Озерный ауылындағы негізгі мектепті жалпы білім беретін орта мектепке айналдыру жайы сөз болды.

Серік Маратұлы, 

Бәйтерек ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале