9.07.2021, 9:44
Оқылды: 11

Сенаторлар - Шыңғырлауда

 Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Нариман Төреғалиев, Ляззат Рысбекова және Батыс Қазақстан облысы мәслихатының хатшысы Бибігүл Қонысбаева жұмыс сапарымен Шыңғырлау ауданында болды.

71F8E697-DE4E-46C7-A735-410D4C70308D

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан аудан қонақтары жоспар бойынша белгіленген орындардың бәріне баруға тырысты. Депутаттар ауданмен танысуды Шыңғырлаудағы күрделі жөндеуден өткен «Дән» мәдениет үйінің жұмысымен танысудан бастады.

5E3B3149-1C92-472A-88B8-F69B7CDAC1E4

Қонақтар жаңадан жөндеуден өткізілген мәдениет үйінің бүгінгі келбетіне ризашылықтарын білдіріп, әрі қарай Шыңғырлау орта мектебіне барды. Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебінің жұмысымен таныса отырып, аудан оқушыларының білім деңгейлерін және оқуға деген қызығушылықтарын сұрап білді. Сонымен қатар алдағы күндері кемістігі және мүгедектігі бар оқушыларға жаңа заң аясында үлкен назар аударылатынын жеткізді. Мәдениет пен білім саласын көріп қоймай, ауданымыздың архитектура және спорт саласының да халін біліп кетті. Осы орайда ауданда құрылысы қызу жүргізіліп отырған 3 қабатты 45 пәтерлі үйдің және аудан орталығында салынып жатқан дене шынықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысып өтті. Халық қалаулыларының сапары аудандық тарихи-өлкетану музейінде аудан жәдігерлерімен және тарихымен танысумен және аудан ақсақалдарымен басқосумен қорытындыланды.

47B0C74F-24E2-4B67-82CF-04F435CAFCCF

Айбарша Аймырзақызы,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале