7.07.2021, 21:07
Оқылды: 115

Сенаторлар Сырым ауданында болды

Сырым ауданына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары Нариман Төреғалиев, Ләззат Рысбекова, облыстық мәслихат хатшысы Бибігүл Қонысбаева жұмыс сапарымен барды.

IMG_20210707_195852_194

Сенаторлар мен аудан әкімі Төлеген Төреғалиев, аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева ең алдымен Шолақаңқаты ауылдық округіндегі «Нұрдәулет» шаруа қожалығының мал азығын дайындау жұмыстарымен танысып, өзге де шаруа қожалықтарының жетекшілерімен кездесті.

Биылғы жыл жаңбырлы маусым болғанымен, мал азығын жинайтын құрылғылар, техникалар, тіптен бума жіптің бағасы шарықтап тұр. Ресейлік өнімдер сапалы десек те, қазақстандық отандық өнімдер де арзан емес. Қос бүйірден қысып тұр, - деп қынжылды қожалық жетекшілері.

IMG_20210707_195852_482

Қожалық жетекшілерінің сөзін қолдаған жерлесіміз, облыстық мәслихат депутаты Ғанимат Нұрмұханов та ашынған ауылдастарының сөзіне тұздық ретінде «осыдан бірнеше жыл бұрын алған 2-3 млн теңге көлеміндегі техникалар бүгінгі таңда 10 млн теңгенің о жақ бұ жағы», - дейді.


Сонымен қатар, «Жымпиты-Ақсай»​ бағытындағы жол құрылысының жұмыстарымен танысты. 2021-2023 жылдарға жоспарланған жол құрылысының жалпы құны 18 млрд. теңгені құрайды.

Жұмыс сапарымен келген депутаттар елдің қарияларымен кездесіп, баталарын алды.

IMG_20210707_195852_105

Одан бөлек, аудан орталығы Жымпитыда орналасқан «Жібек жолы» автокешенінің супермаркет сауда орнының тынысымен танысты.

"Жібек жолы" супермаркетінде бағалар көңіл қуантарлық. Олай дейтініміз, ет, картоп бағаларының өзге дүкендерге қарағанда, бағасы әлдеқайда тиімді екені байқалды.

Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале