19.06.2022, 18:16
Оқылды: 15

Сенбі сайын қуаныш, сенбі сайын мереке

Кеше Сырым саябағында Балалар жылына орай "Туған жерім асқарлысың айбынды" атты мәдени шара өтті.

IMG_6777

Шараға келген балаларға мәдениет қызметкерлері түрлі кейіпкерлер кейпінде көңілді ойындар ойнатып, ақындардың өлеңдерін жатқа айтқызып, естелік сыйлықтар табыс етті.

IMG_6825

-  Балалар жылында ғана емес күнделікті өмірде саналы ұрпағымыз болғанын қаласақ, олардың тек білімді емес, бос уақытын да тиімді өткізулерін басты назарда ұстауымыз керек. Аталмыш шаралар әр сенбі сайын өтетін болады, - деді өз сөзінде аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов.

Аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары әсем әндерін әуелетсе, биші қыздар мың бұрала биледі.

А.Бауыржанқызы,
Сырым ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале