27.04.2023, 21:57
Оқылды: 28

Сержан – жарыс жеңімпазы

Бүгін  Қаратөбеде  ересектер арасында қазақ күресінен  Астана күніне орайластырылған «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің аудандық іріктеу жарысы оздырылды.

IMG_0794

Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Қайрат Төлепов сөз сөйлеп, алаңда сап түзеген жарысқа қатысушы палуандарға  сәттілік тіледі.

Бас төреші, Қаратөбе балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің бапкері Жасұлан Ниязов жарысқа қатысушыларды турнирдің ережесімен таныстырды.

IMG_0897

Жарысқа округтерден және аудан орталығынан барлығы 10 палуан қатысып, бақтарын сынады.

Палуандар жеребе суыру арқылы, өз кезектерін анықтады. Боз кілемде бірінші болып саралжындық Ерболат Есмурзин мен жусандыойлық Естай Айтқожин белдесті. Қарсыласынан басым түскен жусандыойлық палуан Естай Айтқожин жеңіске жетті.

Палуандардың жеңіске деген талпынысы жоғары. Жарысқы жақсы дайындықпен келген.

IMG_0830

Жарыс қорытындысында үшінші орынға таласқан егіндікөлдік Мұхтархан Ғайниден мен сарлжындық Ертілеу Ерғожин күш сынасты.Бұл тартысты белдесуде әдіс-айласын асырған егіндікөлдік Мұхтархан Ғайниден жеңіске жетті.

Жүлделі екінші орынды қаратөбелік Мағжан Серіков иеленсе, бірінші орынды қаратөбелік палуан Сержан Ерлан жеңіп алды.

Жарыс жеңімпазы атанған Сержан Ерлан мамыр айының 10-11-і күндері Сырым ауданында өтетін облыстық турнирге жолдама алды.

IMG_0902

Жарыс жеңімпаздары дипломдар және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.  І орынға 50мың, ІІ орынға 30 мың, ІІІ орынға 20 мың теңге табысталды.

Жеңімпаз палуандарды марапаттау рәсімін аудан әкімінің орынбасары Қайрат Нұржанұлы жүргізді.

 

                                                                 Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале